"Қарттар үйіне бар": Алматылық әжейді өз баласы үйінен қуып шыққан
Жарияланған күні:
Алматылық Минара Рақышева бес баласы болғанына қарамастан, қартайған шағында жалғыз қалған. Өз балаларынан жәбір көрем деген кейуана бүгінде ағайынды жағалап жүр деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы
Ақ самайлы ананың айтуынша, балалары оған мүлдем көмектеспейді екен. Кенже ұлы мен келіні оған "масылсың" деп күн көрсетпеген екен. Айтпаған сөзді айтып, тіпті қол көтерген кездері де болған.
Ал әжейдің жер үйін ортаншы қызы "пәтер әперемін" сатып жіберген. Енді қоңырау шалса, тұтқасын көтермейді екен. Осылайша қартайған шағында кейуана шарасыз күйде далада қалыпты.
“2014 жылдан бастап қызымның үйінде екі жылдай тұрдым. Өз балаңды жамандауға аузың бармайды. Естімеген сөзім, көрмеген қорлығым қалмады. 2016 жылы "мен сені асырауға міндетті емеспін. Қарттар үйіне бар" деп үйден қуып жіберді", – дейді қала тұрғыны Минара Рақышева.
Әлеуметтанушылар мұндай жағдай еліміздегі екі отбасының бірінде кездесетінін алға тартып отыр.
Қазір "ата-ананың ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс" дегенді ұмытқан жастар көп. Алайда, мамандардың айтуынша, әке-шешеге қорлық көрсететіндердің көбі әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққандар.
“Ата-аналардың өздері жақсы тәрбие ала алмағандықтан немесе біздің қоғамның қажет емес құндылықтарды бойына сіңіру арқылы, яғни олардың бойында ата-аналық қасиеттер, міндетер болмағандықтан баласына ойына келгенін істеп жатады. Бұған қарайтын болсақ, бұл жауапкершіліктің жоқтығынан” ,– дейді әлеуматтанушы Есімбек Арғынбек.
Психологтардың сөзінше, қарттарды қартайған шағында қажетсінбейтіндер бала кезінен түзу тәрбие көрмегендер. Бұған жоқшылық пен түрлі қиындық та себеп болуы мүмкін. Қарт ата-ананың қадір-қасиетінің жоғалуына батыстық тәрбиенің де әсері.
"Қиыншылықтар жалпы көп кездеседі. Оны бір адамдар жақсы көтереді, жаңағы қиыншылықтарды жеңуге тырысады. Ал кейбіреулер бар, олар қиыншылықтарға бірден мойынұсынып сонымен арымен қарай да қиындықтың жетегінде кете береді", - дейді психолог Алмат Нұраддинов.
"Неке және отбасы туралы" кодекстің 145-ші бабы бойынша еңбекке жарамсыз және көмекке мұқтаж ата-ананы кәмелетке толған балалары бағып-қағуы тиіс. Сот арқылы алимент өндіріп алуға да болады.
"Қазақстанның азаматы болып табылатын ата-анаға бала қандай да бір қол жүмсау арқылы денсаулығына зиян келтіретін болса, ол жалпыға бірдей әкімшілік және қылмыстық кодекс бойынша жауапкершілікке тартылады", - деді заңгер Айдос Шәріпжанов.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1770371-karttar-jine-bar-almatylyk-zejdi-z-balasy-jinen-kuyp-sykkan/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.