jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

"Мен де адаммын": Сал ауруына шалдыққан астаналық қызды түнгі клубқа кіргізбеген

: Twitter

Астана қаласының тұрғыны клубтарға барғанда қандай қиындыққа тап болатынын айтып берді. Бойжеткеннің сөзінше, ол сал ауруымен ауырады. Ал бұл дерті туралы білмейтіндер оны мас деп қабылдап, күлкіге айналдырады екен. Камилла Шоқанова бұл мәселесін өзінің Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: facebook.com/kamilla.shokanova
Фото: facebook.com/kamilla.shokanova: Twitter

Камилланың айтуынша, бұл жағдай кімнің басына болса да, төнуі мүмкін.

"Мені мас деп ойлағандары, күлкіге айналдырғандары қалыпты болып кетті", - дейді астаналық қыз.

Күлкі мен мазақтан мезі болған қыз жаңа жыл мерекесі қарсаңында болған оқиғаны да айтып берді.

Оның сөзінше, сол күндері бойжеткенді бір клуб та қабылдамаған. Басты себебі - оның "мас болуы" мен аяғында биік өкшелі аяқ киімінің болмауы.

"Сайтан алғыр. Мен де тірі адаммын. Мен де билегім келеді. Бірақ, мен церебралды сал ауруымен ауырғандықтан биік өкшелі аяқ киім кие алмаймын. Маған олар ұнайды, бірақ мен кие алмаймын", - дейді ол.

Камилланың айтуынша, ол америкалық және тағы басқа шетелдік клубтарға барған және ешқандай бөліп-жаруды байқамаған.

Осылайша, астаналық бойжеткен клуб басшылықтарына қыздарға талапты азайту қажеттігін, ыңғайсыз аяқ киіммен билеудің қиын екенін жеткізіпті.

"Телефоннан мүгедектік туралы анықтама көрсетіп тұрған қызға күлу өте сүйкімсіз іс. Жалпы айтқанда, мені мүлде тыңдағылары келмеді", - деді ол.

Бойжеткен осы уақытқа дейін бір рет те фейс-бақылаудан өтпегенін де айтты. Сондай-ақ, бойжеткен өзінің бет-әлпеті әдемі болып тұрғанын дәлелудеу үшін суреттерін жариялаған.

"Мен ерекшеліктері бар қызбын. Бірақ, менің де билегім келеді", -деді Камилла.

"Мен де адаммын": Сал ауруына шалдыққан астаналық қызды түнгі клубқа кіргізбеген

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.