Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денис Теннің мәйітіне сараптама жүргізген маман сотта сөйледі

Опубликовано:

Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты өтіп жатқан сот отырысында сот-медицина сарапшысы жауап берді. Азиз Ибрахимов марқұм болған спортшының мәйітіне сараптама жасаған деп жазады NUR.KZ.

Денис Теннің денесіне сараптама жүргізген маман сотта сөйледі
Денис Тен. Фото: BNews.kz: UGC

Тағы да оқыңыздар:

Арман Құдайбергенов Денис Теннің анасы мен барша халықтан кешірім сұрады

Денис Тен ісі: Нұралы Қиясов сот алдында жауап беруден бас тартты

Арман Құдайбергенов Жанар Толыбаеваға үйленбекші болғанын жеткізді

"19 шілде күні біздің сот-медицина сараптамасына Денис Теннің мәйіті келіп түсті. Мәйітті мен және кезекші бөлімнің жетекшісі қабылдап алдық.

Артерия қысымы 0 болып келді. Тексеріс барысында біз марқұмның денесінде екі аса ауыр жарақатты анықтадық.

Өлімнің себебі - көп қан жоғалтуы болған. Ол шамамен үш литр қан жоғалтқан. Мұндай жағдайда адамды тірі алып қалу өте қиын.

Бірақ дәрігерлер алғашқы көмекті дұрыс көрсеткен. Спортшыға өткір қарумен жарақат жасалғанын анықтадық.

Менің өз тәжірибемде мұндай оқиғаға ұқсас жағдайлар жылына тек бір-екі мәрте ғана болып тұрады", - деді Ибрахимов Азиз.

Оған қоса, маман дер кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетілгенде спортшының аман қалуы мүмкін болғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772757-denis-tenni-mjitine-saraptama-zrgizgen-maman-sotta-sjledi/

pixel