Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанадағы Жоғарғы сотқа Владислав Челах келген жоқ

Опубликовано:

Бүгін Астанадағы Жоғарғы сот залында Владислав Челахқа қатысты қылмыстық істі кассациялық инстанция аясында қайта қарастыру басталды. Бұл дегеніміз сот алқасы өмір бойына бас бостандығынан айыру үкімінің заңдылығы мен негізділігін тексереді деген сөз. Челахқа бұл жаза 2012 жылы тағайындалған болатын деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz: UGC

Алайда, қылмыстық істі қайта қарастыру Владислав Челахсыз өтіп жатыр. Өмір бойына сотталған азаматты елордаға әкелмеген.

Челах сотқа тіпті, онлайн-конференция арқылы да қатыса алмады. Оған Челахтың жазасын өтеп жатқан Жітіқара колониясында байланыс үшін қажет техникалық мүмкіншіліктің жоқтығы себеп болыпты.

Сотта Челах тарапынан оған тағайындалған қорғаушы қатысты.

Сот залына журналистер де кіре алмады. Сот отырысын оларға көрші кабинеттегі онлайн-көрсетілім арқылы ғана қарауға рұқсат берілген.

Айта кетейік, бұған дейін Жоғарғы соттың Владислав Челахтың ісін қайта қарамақшы екенін хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1774400-astanadagy-zogargy-sotka-vladislav-celah-kelgen-zok/

pixel