jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Редактор

"Чайка деп ойламадым": Қалталыларға құмар қызға алданған жігіт өкініп қалды

: Facebook

Ақша мен тегін дүниеге құмар қызға тап болған қазақ жігіті басынан өткен оқиғасымен бөлісті. Азамат сегіз ай бойы кездесіп жүрген сүйіктісінің өзін алдап кететінін мүлде күтпеген. Баянсыз махаббаты жайлы әңгімесін ол "Өз ойым" бағдарламасында айтып берді деп жазады NUR.KZ.

Фото: Скриншот
Фото: Скриншот: Facebook

Жас жігіт ғашығының әрбір қалауын орындап, бағалы сыйлықтар алып беруден де еш аянбаған. Алайда бұл қарым-қатынастың болашағы болмайтынын бәрін алдын ала жоспарлаған ару ғана жақсы біліпті.

"Барлығы сияқты кафеде таныстық. Сөйлестік, бір-бірімізге ұнаған сияқтымыз. Мен сөз салдым, ол келісті. Жүрдік, баратын жерге бардық.

Ең қымбат деген сыйлығым - айфон тарту еттім. "Өмірімде Алматыны көрмегем, Көк-төбеге шыққым келеді" деді. Бәрін орындадым. Жеті-сегіз ай жүрдік.

Бір бес ай көлемінде қалталы, жағдайым бар азамат екенімді байқаған болар. Асабалар үнемі тойларға шығып тұрады ғой.

Алайда сәуір мен мамыр айларында біз үшін жұмыс бәсеңдеп, ақшамыз азайып қалатын мезгіл негізі. Сол кезде әлгі қызды таппай қалдым. Телефонын көтермейді, жазсам жауап бермейді.

Жүріп жүрген кезімізде керемет мейрамханаға гүлмен апарсаң риза болады. Ертесіне "Қағанатқа" немесе "Тағамға " барайықшы десең басқаша.

Махаббаттан көзім қарауытып, басым айналып кеткендей болдым.

Кездесіп жүрген қызыңның лақтырып кететінін ойламайсың ғой. Себебі болашақ әйелім деп елестеттім оны. Әп-әдемі, түр-сипаты келіскен. Оның чайка болатынын кім ойлаған. Нөмірін алмай, жоқ болып кетеді деп" , -деп күйінді азамат.

"Чайка деп ойламадым": Қалталыларға құмар қызға алданған жігіт өкініп қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.