Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

50 жылдан кейін Шымкентке мүлде қар жаумайтыны рас па?

Опубликовано:

Жұлдыз-жорамалшы Нұрғабыл Қозыбай 50 жылдан кейін Шымкентте мүлде қар жаумайтынын болжап отыр. Бұл туралы ғалым журналистерге берген сұхбатында айтты деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Фото: Отырар арнасы
Фото: Отырар арнасы: Facebook

Нұрғабыл Қозыбай ауа райын болжауға 30 жылға жуық ғұмырын арнаған. Жұлдызшы тіпті ғылымға қажетті ақпараттарды жинастырып, жақында кітап шығармақшы екен.

Оның сөзінше, әрбір ыстық алты айда айналып келсе, қуаңшылық төрт жылда, күннің қатты суытуы 12 жылда қайталанады екен.

"Дәл қазір Шымкент қаласында күндіз -5, түнде -10 грудастан төмен суық болмайды. Демек, Шымкент қаласы -2 градусқа жыли беретін болса, енді 10 жылда 2 градусқа жылиды, ал 50 жылда 10 градусқа жылиды.
50 жылдан кейін тағы 10 градус қосылатын болса, Шымкент қаласында 0 градустан температура түспейді деген сөз.
"0 градусқа температура жетпейтін болса, қыстың күні күн жылы болғандықтан жаңбыр жауып тұрады, қар жаумайды", - дейді Нұрғабыл Қозыбай.

50 жастағы ғалым оңтүстік өңірдің жүз жылдық күнтізбелік кестесін жасап шығарғанын жеткізді.

Оның айтуынша, онда ауа райының жаңбырлы не қуаңшылық болатыны туралы нақты көрсетіліпті.

Жұлдыз-жорамалшы былтыр облыстың кейбір аудандарында құрғақшылық болып, жерге шөп шықпай қалғанын үш жыл бұрын болжағанын айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1776608-50-zyldan-kejin-symkentke-mlde-kar-zaumajtyny-ras-pa/

pixel