Бес қыздың өліміне көңіл айтқан астаналық баспасөз хатшысы жылап қалды (видео)
Жарияланған күні:
Астана қаласында 4 ақпан күні өрт салдарынан бес баланың көз жұмуына байланысты өткен баспасөз конференциясында Астана қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің басшысы көз жасына ерік берді деп хабарлайды NUR.KZ.
Журналистерге жауап беру барысында Эльмира Жүргенбаеваның көзі жасқа толды. Сөзін толық аяқтай алмаған баспасөз хатшы бірден журналистерден сұрақ қоюды сұраған.
Жұрттың жүрегін ауыртқан бұл видео бірден әлеуметтік желіге тарап кетті.
"Біз қазір ғана сол жақтан келдік. Астана қаласының әкімдігі көз жұмған балалардың жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады және оларға тиісті көмек беруге дайын", -деді ол.
Айта кетейік, 4 ақпан күні түнде елорданың Сарыарқа ауданындағы Көктал-1 тұрғын алабында өрт шыққан. Өртті сөндіру барысында 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылы дүниеге келген бес баланың денесі табылған. Олардың ең кішісі әлі бір жасқа да толмаған сәби болған.
Бұл қайғылы оқиғадан соң қала әкімі шұғыл кеңес өткізген. Ал бұл жағдай орын алмас бұрын Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері үйдің қауіпті екенін ескертіпті. Артынша Астанада көз жұмған 15 жастағы қыздың хаты жұрттың жүрегін ауыртты.
Күні кеше қайғылы жағдайға қатысты Ішкі істер вице-министрі жауап берді. Анықталғандай, жанұяның тұрмысы төмен болмаған. Ал балалар жер қойнауына 5 ақпан күні тапсырылады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1776788-bes-kyzdy-limine-kil-ajtkan-astanalyk-baspasz-hatsysy-zylap-kaldy-video/