jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Бала көкжөтел болғанда неліктен көлденең көк аттыдан кеңес сұрайды?

малыш и лошадь
Фото:yandex.kz/atakteev: Instagram

Көкжөтел - сегіз жасқа дейінгі балалар арасында болатын жұқпалы ауру. Халық арасында дерті жазылмаған сәбидің ата-анасы көлденең көк атты кісінің жолын тосып, одан кеңес сұрайтын ырым бар. Бұл қаншалықты рас? Сіңлісі көлденең көк аттының арқасында аман қалған қызылордалық бойжеткен басынан өткен қызықты жайтты айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

NUR.KZ оқырманының айтуынша, оқиға 1997 жылы болған.

"Менен кейінгі сіңлім қырқынан шықпай жатып, көкжетелге шалдықты. Оның дене қызуы 41 градусқа дейін көтеріліп кеткен екен. Анам мен әкем сіңлімді жанұшыра ауруханаға алып барғанымен, дәрігерлер шақалақтан үміт үзу керектігін жеткізген. Әкем ауруханада шу шығарып, анам көз жасына ерік беріп, сол күні құндақтағы сәбиді үйге қайта алып келеді.
Сонда әжеміз осы ырымға сүйеніп көрген. Ол кісі ауылдағы мал базарына барып, көлденең көк аттыдан ауруға ем сұрайды. Ал әлгі кісі "Баланы биікке алып шығуды" тапсырыпты. Үйге асыққан әжеміз келіні мен баласын ауылдағы қараусыз қалған көп қабатты үйдің төбесіне көтерілуге жібереді.
Бір қызығы осыдан кейін сіңлім дертінен айығып кеткен. Дәрігерлердің ем-домынан шипа болмай, көлденең көк аттының ақылымен жазылып кеткен сіңлімнің бұл оқиғасын үйдегілер жиі еске алады", - деп әңгімесін аяқтады бойжеткен.

Айта кетейік, халық арасында осындай наным-сенімнің бар екені рас.

Toibastar.kz сайтының мәліметінше, бұрындары дертке шалдыққан баланың ата-анасы көлденең көк аттының жолын тосып, одан "Көлденеңді көк атты, көкжөтелдің емі не" деп сұраған екен.

Бала көкжөтел болғанда неліктен көлденең көк аттыдан кеңес сұрайды?

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.