Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада 10-шы сынып оқушысы бес тәуліктен бері табылмай жатыр (фото)

Опубликовано:

Астанада 10 сынып оқушысы із-түзсіз жоғалып кетті. Болат Қожамжарды соңғы рет үйінің қасындағы компьютер клубынан көрген. Алайда, жасөспірімнің одан кейін қайда кеткені белгісіз деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ и 2gis.kz
Фото: NUR.KZ и 2gis.kz: Original

16 жастағы Болат Қожамжар сегізінші ақпан күні жоғалып кетті. Жас жігітті сағат 20:00 шамасында "Евразия" сауда үйінің маңында орналасқан "Versus" компьютер клубынан көрген.

Содан бері жасөспірім үйіне қайтып бармаған. Ол Astana Mall сауда үйінің маңында тұрады.

Болаттың үстінде көк куртка мен сұр түсті шалбар болған. Оған қоса, жас жігіттің сұр бас киімі мен хакки түстес сөмкесі бар. Оқушы арық денелі, қара шашты. Бойы - 174 см.

Елордалық полиция депаратаментінің мәлімдеуінше, жоғалып кеткен оқушыға қатысты жедел іздестіру шаралары жүзеге асырылып жатыр. Алайда, әзірге нәтижесіз.

Егерде сіз Болатқа қатысты қандай да бір ақпаратты білсеңіз, мына нөмірлерге хабарласуларыңызды сұраймыз: 102 немесе 8 705 550 84 25.

Листовка: lider.kz Еріктілері
Листовка: lider.kz Еріктілері: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1778111-astanada-10-sy-synyp-okusysy-bes-tulikten-beri-tabylmaj-zatyr-foto/

pixel