jitsu gif

Таразда жоғалған 21 жастағы қыздың туыстары табылды

: Instagram

Тараздағы бейімдеу орталығына түскен 21 жастағы Алтынай Тұрсынованың туыстары табылды. Тұрғылықты мекен жайын есіне түсіре алмаған қыздың қала іргесіндегі Құмшағал ауылындағы нағашыларының қолынан жоғалғаны белгілі болды деп хабарлайды КТК арнасы.

Алтынай Тұрсынова. Фото: КТК арнасынан кадр
Алтынай Тұрсынова. Фото: КТК арнасынан кадр: Instagram
"Жиен сіңілім болады. Теледидардан көріп, танып келіп отырмыз. Шешесі 2013 жылдан бері ұшты-күйлі жоқ, әкесі араққа салынып кеткен. Туылғанынан эпилепсиямен ауырады", - дейді оның нашағы әпкесі Айнұр Әбиева.

Алтынай ата-анасымен Меркі ауданында тұрған. Әкесі ішімдікке салынып кеткесін, анасы Қырғызстанға жұмысқа кетіп, сол күйі оралмапты.

Бойжеткен Құмшағал ауылындағы нағашыларының қолында өскен. Туыстары екі ай бұрын Алтынайдан көз жазып қалады. Іздеуге беріп, күні бүгінге дейін таба алмай жүрген.

Айта кететіні, Алтынайдың туылғалы бірде–бір құжаты жоқ. Ал оны әзірлеуге нағашыларының шамалары келмейді екен.

Естеріңізге сала кетейік, ақыл - есінде ауытқуы бар қыз қазақ-қырғыз шекарасы маңынан адасып жүрген жерінен табылып, бейімдеу орталығына жеткізілген болатын.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.