RU

Шымкентте ерлі-зайыпты бизнесмендердің өліміне қатысты күдікті ұсталды

Шымкент полиция департаменті отбасылы ерлі-зайыптының өліміне күдікті ретінде жас жігітті ұстағанын мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото:www.bagnet.org
Фото:www.bagnet.org: Instagram

Мәлім болғандай қазір ер адамға байланысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

"16-шы ақпан күні полиция қызметкерлерінің жедел-тергеу шараларының нәтижесінде екі адамды өлтірді деген күдікке ілінген азамат анықталып, құрықталды.
Ол 27 жастағы Шымкент тұрғыны болып шықты. Оның кінәсін мойындаған жауабы тәркіленген заттай дәлелдемелер арқылы расталды.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр. Күдікті қамауға алынған. Тергеу мүддесіне орай өзге ақпараттары жарияланбайды", - деп хабардар етті өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 6 ақпан күні Шымкентте ерлі-зайыптыларды өз үйінде өлтіріп кеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1779089-symkentte-erli-zajypty-biznesmenderdi-limine-katysty-kdikti-staldy/