Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда бетіне тату салдырып алған бұрынғы актер ұсталды

Опубликовано:

Алматы полицейлері алаяқтық жасады деген күдікпен жас жігітті тұтқындады. Ұсталған азаматтың ерекше белгісі, бетінде "Не вижу смысла" деген жазу бары. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Алматыда бетінде жазуы бар бұрынғы актер құрықталды
Фото: Алматы ПД баспасөз қызметі: Depositphotos

Полиция мәліметінше, алаяқтық жасады деген күдікке ілінген азамат жасөспірімдердің сеніміне кіріп, оларды тұзағына түсіріп отырған.

Тәртіп сақшылары тұтқындалған азаматтың бұрын актер болғанын, бірнеше туындыға түсіп үлгергенін хабарлады. 1998 жылы туған азамат бұрын да осындай қылмыстар үшін жауапқа тартылған.

Полицияның хабарлауынша, жәбірленушілердің біреуі 15 жастағы жасөспірім. Ол күдіктінің өтініші бойынша, видео жүктеу үшін ноутбугын үйінен алып шыққан.

Алайда жігіт компьютерді алып, дүкенге кірген. Сөйтіп, екінші есік арқылы қашып кеткен.

Екінші жәбірленушіден күдікті ұялы телефонын тартып алған. Техникалық құрылғыларды жас жігіт арзан бағамен сатып, ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Әуезов ауданының полиция басқармасының бөлім басшысы подполковник Дидар Аханов тұтқындалған азаматтың заңсыз әрекеттерінен жәбірленген болса, төмендегі телефон бойынша хабарлауды өтінді 298-53-70; 298-53-71 және 298-53-72.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1779463-almatyda-betine-tatu-saldyryp-algan-bryngy-akter-staldy/

pixel