jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Жаназадан соң марқұм ағасы өлімнен құтқарып қалған ару жан сырын ақтарды

душа выходит из тела
Фото: Instagram

Осыдан бірнеше жыл бұрын ағасынан айырылған ару жаназадан соң адам сенгісіз жағдайлар орын алғанын айтты. Нұрбибі Омарованың сөзінше, марқұм бауырының әруағы оны өлімнен аман алып қалған деп жазады Anabol.kz сайты.

Нұрбибі ағасы көз жұмған соң үйге көңіл айтқан жұрт қарасы көп болғанын еске алады. Сол күндері ұйқысыздықтан қатты шаршаған ару көрші бөлмеге барып, жантая кеткен екен. Алайда, көзін жұма бастағанда бөлмеге әлдекімнің кіргенін сезіпті.

"Бөлмеге біреу ақырын басып кіргендей болды. Жаныма біреудің жақындағанын сезіп жатырмын. Бір кезде көзімді ашып қалсам, қайтыс болып кеткен ағам менің алдымда тұр. Қорыққанымнан дыбысым шықпай қалды. Ол маған: "Қорықпа, сен менің айтқанымды тыңда және бұлжытпай орында. Менің денемді жерлеуге алып кеткеннен кейін міндетті түрде еденді, табалдырықты сүртіңдер" деді де, есіктен шығып кетті", - дейді Нұрбибі.

Бойжеткен бұл туралы жеңгесіне айтып береді. Осылайша, екеуі марқұмның денесі шығарылғаннан кейін еденді сүртіп алады.

Ал келесі күні жігіттің туыстары зират басына барып қайтуды жөн көрген.

"Зират басынан қайтып бара жатқанда оқыс жағдай болды. Әпкем мен жездем үшеуміз жолдан жайбарақат өте бергенде бізге қарай жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлікті байқап қалдым. Сасқалақтап қалыппын, дегенмен, есімді тез жидым. Сол кезде мені оң жағымнан біреу қатты итергендей болды", -дейді ару.

Артынша Нұрбибі әпкесінің қолын тартып, жездесіне айғайлап үлгеріпті.

"Көзді ашып -жұмғанша жездем қатты құлап бара жатқанын білемін, әпкем екеуміз өзіміздің аман екенімізді сезген соң-ақ жездеме қарай жүгірдік. Абырой болғанда, ол тірі екен, беті-қолдары сырылған, қабырғасы сыныпты", - дейді оқиғаны баяндаған бойжеткен.

Оқыс опаттан аман қалған бойжеткен мұны марқұм ағасының ісі деп біледі. Ол жаназа күні бауырының өтінішін орындағанына қуанады.

Жаназадан соң марқұм ағасы өлімнен құтқарып қалған ару жан сырын ақтарды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.