jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Маңғыстауда "Наурыз-2019" ерекше көңіл күймен аталып өтті

: Instagram

Наурыз мерекесіне орай теңіз жағалауына 26 ақ киіз үй тігілді. Әр бір киіз үйдің алдында ұлттық тағамдардан мерекелік дастархан жайылып, көпшілікке ұсынылды.

Маңғыстауда "Наурыз-2019" ерекше көңіл күймен аталып өтті
: UGC

Киіз үйлер шағын ауыл түрінде қойылған. Әр киіз үйдің өкілдері қала тұрғындары мен қонақтары үшін театрландырылған қойылымдар көрсетілді. Әз-наурызды атап өтуге жағалауға жүз мыңға жуық адам жиналды.

Маңғыстауда "Наурыз-2019" ерекше көңіл күймен аталып өтті
: Depositphotos

Мерекелік шара 500-ден астам адам қатысқан «Әз Наурыз - татулық мерекесі!» атты театрландырылған қойылымнан басталды.

Маңғыстау әртістері өз қойылымдарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған қазақ даласында өмір сүрген ежелгі көшпелі халықтардың жеті қазынасын көрсетті. Қойылым үш актіден тұратын Ұлы Жібек жолы керуені көрсетілді. Жағалауда ат, түйе, қазақтың тазы иттері мен бүркіттері жүріп өтті.

Маңғыстауда "Наурыз-2019" ерекше көңіл күймен аталып өтті
: UGC

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов барлық жиналған қауымды Наурыз мейрамымен құттықтады.

Аймақ басшысы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Маңғыстауда мүгедектерді, жетім балаларды, көп балалы аз қамтылған отбасыларды қолдауға бағытталған "Бақытты отбасы" жобасын жүзеге асыру басталғанын атап өтті. Ералы Тоғжанов жағдайы төмен 10 отбасыға 100 мың теңге көлемінде бір реттік көмек табыс етті. 

Маңғыстауда "Наурыз-2019" ерекше көңіл күймен аталып өтті
: UGC
"Наурыз – жаңғыру мен жаңарудың, еңсесі биік елдіктің, татулық пен бірліктің, ырыс пен молшылықтың белгісі.Маңғыстауда наурыз айы қайырымдылық айы болып жарияланды. Ақпан айынан бастап өңірде бір қатар қайырымдылық акциялар ұйымдастырылды. Қалалар мен аудандарда жергілікті кәсіпорындар басшыларының, кәсіпкерлердің қолдауымен 1842 мұқтажға, соның ішінде көп балалы отбасыларға 32 млн теңге көлемінде көмек көрсетілді. Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясы халықтың әлеуметтікосалтоптарын қолдауға бағытталған «Қайырымдылық керуен» акциясына бастау алып, ол 2019 жыл бойы өткізілетін болады", - деп атап өтті Ералы Тоғжанов.
Маңғыстауда "Наурыз-2019" ерекше көңіл күймен аталып өтті
: Facebook

Сондай-ақ, жағалауда қаланың әлеуметтік - экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан Құрметті азаматтар мен еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетілді және "Ұлыс күні – Ұлы көш" мәдениет мекемелері ұжымдарының шеруі жергілікті қол өнершілердің жәрмеңкесі, "бауырсақ" жәрмеңкесі ұйымдастырылды, сондай-ақ, қала кәсіпкерлері қонақтарды тәттілер жәрмеңкесімен қуантты.

Маңғыстауда "Наурыз-2019" ерекше көңіл күймен аталып өтті
: Instagram

Қала тұрғындары мен қонақтары «асық ату», арқантарту, армрестлинг, дартс, шахмат, қазақшакүрес, гір көтеру, тоғыз құмалақ сияқты әртүрлі спорт түрлерінен жарысқа қатысты. Іс-шара мерекелік бағдарламамен және облыстың шығармашылық ұжымдарының концертімен жалғасты. Сондай-ақ, жағажайда "Жыр ғұмыр" атты әншілер-термешілердің қалалық байқауы өтті.

Маңғыстауда "Наурыз-2019" ерекше көңіл күймен аталып өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.