Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға ұшып келді (фото)
Опубликовано:
Алматы жастары Нұрсұлтан Назарбаевты ұшақ баспалдағынан гүлмен қарсы алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оңтүстік астананың жас өрендері Елбасыға тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына қосқан баға жетпес үлесі мен қамқорлығы үшін алғыс білдірді.

"Бүгін Алматының ең белсенді жастары еліміздің дамуына қосқан баға жетпес үлесі үшін Елбасыға алғыс білдіру үшін жиналды. Соның арқасында біз тәуелсіздіктің ашық аспанында тыныш жүрміз" , - деді Халықаралық бизнес университетінің 1-курс студенті Дарья Кислицина.
Бойжеткен қазір мемлекеттік грантта білім алатынын алға тартып, тұңғыш президентке рахмет айтты.

"Қазақстанда 140-тан астам ұлт өмір сүреді. Тұңғыш президенттің бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Біз оған сол үшін рахмет айтамыз. Мен қазақ тілін де, өз тілімді де толық білемін. Өзім әзірбайжанмын", - деді студент Тұрал Мәмедов.

Кездесуде қаланың әр түрлі университеттерінен 2000-ға жуық студент бой көрсетті.

Ұшақ баспалдағынан түскен Нұрсұлтан Назарбаев жас алматылықтарға жылы қарсы алғандары үшін алғыс айтты.




Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1785175-nrsltan-nazarbaev-almatyga-syp-keldi-foto/