Димаш Ниязов өзге үшін өмірін қиған атыраулық әріптесіне ескерткіш орнатпақшы (фото)
Жарияланған күні:
Қазақстан тумасы, Нью-Йорк полицей болып жүрген Димаш Ниязов өзеннен қызды құтқарамын деп ажал құшқан атыраулық әріптесі Шалқар Ақымғалиевті құрметпен еске алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Димаш өзінің Instagram парақшасында осы оқиғаға қатысты пікірін білдірген.
"Көп адамдар: "Мұнда кім кінәлі?", "Неге бұлай болды?", "Суға секірмес бұрын ойлану керек" еді деген сынды пікірлер жазды".
Мен бір нәрсе ғана айтқым келеді - Шалқар нағыз қаһарман. Полицияда арыстай азаматтар істейтінін дәлелдеді.
ҚР-нің ІІМ-не осындай ерді тәрбиелегендері үшін рақмет айтамын. Біз NYPD (Нью-Йорк полиция департаменті – ред.ескертпесі) марқұмның отбасына, достарына жәні әріптестеріне көңіл айтамыз", -деп жазды Димаш Ниязов.
Димаш АҚШ-та қайтыс болған әріптестердің құрметіне полицей белгісіне қаралы лента тағу дәстүрі бар екенін жеткізді.
"Шалқар Қазақстанда қаза болса да, мен оған көрсеткен құрметім ретінде белгіме қаралы лента тағып, оның туған күніне дейін тағып жүрмекпін", - деді ол.
Ниязов тарихи отанындағы осы жағдайды естігенде қатты қайғырғанын, сондай-ақ Шалқар Ақымғалиевтің құрметіне ескерткіш орнатқысы келетінін хабарлады. Осы мақсатта Димаш арнайы GoFundMe.сом сайтында ақша жинай бастаған.
Еске сала кетейік, Шалқар Ақымғалиев Жайық өзеніне көпірден секірген аруды құтқарып, өзі қаза болған еді.
Жас жігіт отбасын құрамын деп жүргені белгілі болды.
Ерлікпен қаза тапқан сержанттың отбасына Дариға Назарбаева көңіл айтқан. Ол Шалқар Ақымғалиевтің батылдығы өсіп келе жатқан ұрпаққа үлгі болатынын айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1785829-dimas-niazov-zge-sin-mirin-kigan-atyraulyk-riptesine-eskertkis-ornatpaksy-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.