Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік полицейлер өзге үшін жанын қиған әріптесін еске алды (фото)

Опубликовано:

Бүгін, 1 сәуір Aтырау қаласында бойжеткенді құтқару үшін суға түсіп, қаза болған Шалқар Ақымғалиевтің туған күні. Көзі тірі болғанда сержант 25 жасқа толар еді. Осыған орай, Шымкент қаласы полиция департаментінің жеке құрамы еске алу салтанатты жиынын өткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

фото: NUR.KZ
фото: NUR.KZ: Original

Жиын барысында тәртіп сақшылары Шалқар Ақымғалиевке арнап шынар ағашын отырғызды.

"Шынар ағашы тамырың тереңге жаятын, көпжылдық мәңгілік ағаш символы ретінде кейінгі ұрпаққа үлгі болсын деген ниетпен таңдалды.
Осылайша, Шалқардың ерлігі мәңгі есімізде екенін айтқымыз келді", - деп мәлімдеді Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, шымкенттік тәртіп сақшылары бір күндік жалақысын сержант Шалқар Ақымғалиевтің отбасына аударатын болды.

Еске сала кетcек, Шалқар Ақымғалиев Жайық өзеніне көпірден секірген аруды құтқарып, өзі қаза болған еді.

Жас жігіттің отбасын құрамын деп жүргені белгілі болды.

Ерлікпен қаза тапқан сержанттың отбасына Дариға Назарбаева көңіл айтқан. Ол Шалқар Ақымғалиевтің батылдығы өсіп келе жатқан ұрпаққа үлгі болатынын айтты.

фото: NUR.KZ
фото: NUR.KZ: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1786294-symkenttik-policejler-zge-sin-zanyn-kigan-riptesin-eske-aldy-foto/

pixel