jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

"Таңғы асқа нан мен шай береді": Ақтөбеде балабақшадан шу шықты

: Original

Ақтөбеде мемлекеттік тапсырыс негізінде жұмыс жасап отырған балабақшалардың бірінен шу шықты. "Таңғы асқа тек нан мен қара шай береді" деп наразылық танытқан ата-аналар әлеуметтік желіге балабақшадағы таңғы астың суретін салып жіберген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

фото: NUR.KZ
фото: NUR.KZ: Original

Шу шыққан балабақшаға қатысты білім бөлімі тексеріс жүргізуде.

Арызданушы тәрбиешілердің баласына қол көтергенін де айтып отыр.

"Екі ұлым да осы балабақшаға келетін еді. Енді балаларымды бұл балабақшада қалдырмаймын. Өткен аптадан бастап келіп жүрген жоқапыз.

Маған қазір "бізге жала жаптың" деп балабарымның құжатын бермей отыр. Үлкен ұлым інісі ұйқыдан тұрғанда апайдың оның жамбасынан ұрғанын айтып келді. Қай апайдың ұрғанын білмеймін.

Мен оған қатысты шу жасаған жоқпын. Балаларға тамақтың дұрыс берілмеуіне қатысты ренішімді білдірдім. Балабақшадағы төлемге қатысты менде аздаған қарыздар болды. Мен бұл туралы ескерттім, кейін ол қарыздар өтелді", - деді ата-ана Алина Обайдуллина.

Сондай-ақ, асханада аспаздар қараңғы бөлмеде балаларға тамақ дайындап жүргені айтылды.

Мектепке дейінгі ұйымның басшылығының сөзінше, ата-ана өздеріне жала жауып жатырған көрінеді.

Балабақша құрылтайшысы шу шыққан топты жабатынын айтты.

"Бір ата-ана екінші таңғы ас кезінде балалардың тамақтанып жатқанын суретке түсіріп алған. Суретті әлеуметтік желіге салып, білім бөліміне шағым түсірген.

Осыған байланысты біз ескерту алдық. Себебі шоколад қосылған май балаларға болмайды екен. Балаларды күнде 5 рет тамақтандырамыз.

Шағымданған ата-ананың құжаттары беріледі. Қазір балабақша меңгерушісі денсаулығына байланысты демалыста. Компьютерлік бағдарламадан мен құжатын шығарып бере алмаймын.

Ата-ана құжатын алатын болады. Тамаққа қатысты бізге жала жауып тұр деп ойлаймын",- деді балабақша құрылтайшысы Толқын Шектібаева.
фото: NUR.KZ
фото: NUR.KZ: Original

Ата-ана шағымына байланысты балабақшаға бүгін білім бөлімінен тексеріс келді.

"19 наурыз күні қалалық білім бөліміне қарасты мемлекеттік тапсырыс негізінде жұмыс жасап жатқан "Мадок" балабақшасына қатысты шағым түсті.

Шағым негізінде комиссия құрып, балабақшаға келіп отырмыз. Ата-ана тарапынан ас мәзірі мен оқу процесіне шағым түсірген. Шағым бойынша барлық сұрақтар зерттеледі.

Кемшіліктер анықталған жағдайда уақыт беріледі. Белгіленген уақыт бойынша тапсырма орындалмаса, қалалық білім бөлімімен келісім шарт бұзуға тура келеді",- деді қалалық білім бөлімінің бас маманы Гүлжан Әмірова.
"Таңғы асқа нан мен шай береді": Ақтөбеде балабақшадан шу шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.