Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент тапсырмасынан соң желіде парақша ашқан әкімдер кімдер? (фото)

Опубликовано:

Күні кеше ғана мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев шенеуніктерге "әлеуметтік желіде парақша ашып, халыққа барынша жақын болу қажет" деп айтқан еді. Сол тапсырмадан кейін еліміздегі әкімдер мен шенділер желіде бірінен соң бірі парақша аша бастады. Президенттің сөзін екі етпей, желіде белсенді болып жатқан шенеуніктер кімдер? KAZ.NUR.KZ аталмыш сауалға жауап іздеп көрді.

Президент тапсырмасынан соң желіде парақша ашқан әкімдер кімдер? (фото)
Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Бұрынғы "астаналықтар" жиі еске алатын Әсет Исекешев елордалықтардың есінде әлеуметтік желілерді белсенді жүргізетін, халыққа жақын әкім ретінде есте қалды.

Бұрынғы президент аппаратының басшысы әсіресе Facebook желісінде аса танымал болды. Оның парақшасында бүгінде 40 мыңнан астам оқырман бар.

Нұр-Сұлтандықтар әлеуметтік желіде етене танитын тағы бір әкім – елорданың "Сарыарқа" ауданының әкімі Арман Тұрлыбек болды.

Шенеуніктің тек Instagram желісіндегі оқырмандар саны 78 мыңнан асады.

Әкім қала тұрғындарының арыз-шағымдарымен дәл осы желі арқылы танысып, оларға жауап беріп отырады.

Күні кеше ғана Instagram әлеуметтік желісіне тіркеліп, бүгінде 15 мыңнан астам оқырман жинап үлгерген тағы бір әкім – Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов.

Шаһар басшысы түрлі әкімдікте өзінің қатысуымен өтетін жиындардан суреттер мен бейнежазбаларды жиі жүктеп тұрады.

Сол сияқты күні кеше ғана БҚО әкімі Алтай Көлгіновтың де Twitter әлеуметтік желісінен бөлек, Instagram желісінде де өз парақшасын ашқаны белгілі болды.

Әкім онда алғашқы суреттерін де жүктеп үлгерген.

Шығыс қазақстандық шенділер де әріптестерінен қалыс қалатын емес. Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Instagram желісінде аса танымал болса, Семей қаласының әкімі Ермак Салимов Facebook-тегі парақшасын белсенді түрде жүргізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1786858-prezident-tapsyrmasynan-so-zelide-paraksa-askan-kimder-kimder-foto/

pixel