jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Бұрынғы сауна қызметкері оған кімдер келетінін ашық айтты

: Depositphotos

Нұр-Cұлтандағы сауналардың бірінде әкімші болып қызмет еткен тұрғын, өзінің бұрынғы кәсібі жайлы бар шындықты айтты. Жас жігіттің айтуынша, саунаға егде жастағы ер адамдар жас қыздармен бірге келеді екен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: ukrintermediagroup.com
Көрнекі фото: ukrintermediagroup.com: Depositphotos

Былтыр ғана жоғары оқу орнын бітірген жас жігіт бүгінде өз мамандығы бойынша жұмыс істеймін дейді. Ал осыған дейін ол екі жыл қатарынан елордадағы сауналардың бірінде жұмыс істепті.

"Студент болғандықтан, қолымда диплом болмағандықтан, кез келген жұмысқа келісуге тура келді. Сөйтіп танысымның орнына осындағы сауналардың біріне әкімші болып тұрдым.
Саунаға қоса монша болғандықтан, оған көбінесе қарапайым отбасылы адамдар келетін. Ал саунаға кірер жол да, оған апаратын есік те басқа жертөле арқылы болғандықтан, оны көпшілік біле бермейтін. Саунадағы өмір әсіресе мереке және демалыс күндері қызатын. Жасы үлкен ағалар жас қыздармен келіп, осында түнімен "көңіл көтеретін", - дейді жас жігіт.

Бұрынғы әкімші сонымен бірге өңірлерден іссапарға келетін ер адамдардың да саунаға жиі келетінін айтты.

"Іссапарға келгендер де саунаға келіп жатады. Әдетте олар сол саунаның жанындағы қонақ үйге келетін меймандар еді. Олардың арасында шетелдік азаматтар да бар. Саунадан шығып, түнгі көбелектерге тапсырыс беріп, қонақүйге баратындықтарын талай көргенмін. Бастысы ондай "былыққа" бізді араластырмайтын. Өздері қыздарды әкеліп, бірге қайтатын. Ал біз ондай жағдайлара көз жұма қарап, өз еңбегімізбен, ақша тауып жүрдік", - дейді азамат.
Бұрынғы сауна қызметкері оған кімдер келетінін ашық айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.