jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Қазақ жігітіне ессіз ғашық болған неміс қызы бір аптадан соң тұрмысқа шығып алған

: Instagram

Линда Кремер - 16 жасында қазақ отбасына келін болған неміс қызы. Ақтөбелік әйел қазір төрт баланың анасы. Келіншектің қазақ жігітіне ессіз ғашық болғаны сондай, бір аптаның ішінде тұрмысқа шығып кеткен екен. Бұл туралы Линданың өзі KAZ.NUR.KZ тілшісіне айтып берді.

Фото: KAZ.NUR.KZ/ Жанұялық мұрағаттан
Фото: KAZ.NUR.KZ/ Жанұялық мұрағаттан: Twitter
"Ұлтым неміс болса да, қазақ болып кеттім. Шешем, алты ағам бар. Кезінде осында әжелеріміз көшіп келген. Шешемді ағасы Германияға көшіріп алған болатын. Бірақ кейін Қазақстанға қайтып келді. 

Мен өзім қазақы ауылда тәрбие алдым, қазақ мектебінде оқыдым. Енді қазақ жігітіне тұрмысқа шығып, бір үйдің түтінін түтетіп отырмын.

Сәлем салудан бастап, барлық салт-дәстүрді білемін. Ұлттық тағамдар біздің сүйікті асымыз", - дейді Линда Кремер.

Көпбалалы ана Алға ауданы Тоқмансай ауылында туып өскен. Қазір облыс орталығында тұрып жатыр. Келіншек жолдасына қатты ғашық болған көрінеді.

Фото: KAZ.NUR.KZ/ Жанұялық мұрағаттан
Фото: KAZ.NUR.KZ/ Жанұялық мұрағаттан: Instagram
"16 жасымда тұрмысқа шықтым. Жолдасыммен арадағы махаббат басқаша болды. Менің жігітім Байғанин ауданынан, нағыз қазақтың жігіті.

Біздің махаббатымыз бір апта ғана болды. Ғашық болғаным сондай, бір аптадан кейін тұрмысқа шығып алдым. Қазір төрт баланың анасымын.

Газ өткізуге қатысты әкімдіктен көмек сұрап жүрмін. Үйде от жағып отырмыз. Қалаға көшіп келгеніме де он жыл болды.

Мен балалармен үйде отырамын, күйеуім 55 мың теңгенің жұмысында. Маған түсетіні 10 мың теңге жәрдемақы. Несие төлейміз, одан ауысқан ақшаға тамақ аламыз. Жүріп-тұруға ақша ауыспайды.

Тұрып жатқан жеріміз де саяжайдағы жалдамалы пәтер. Бірақ біз бақытты отбасымыз. Арқа сүйер жолдасым, балаларым бар", - дейді келіншек.
Қазақ жігітіне ессіз ғашық болған неміс қызы бір аптадан соң тұрмысқа шығып алған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.