Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысында 126 аз қамтылған және көпбалалы отбасы жеке кәсібін ашты

Опубликовано:

Маңғыстауда "Бизнес 3 күнде" жобасы ерекше қарқын алды. 1 айдың ішінде 126 көпбалалы ана мен аз қамтылған отбасылар үй жағдайында өз ісін бастады. Басым бөлігі Жаңаөзен қаласының тұрғындары.

Маңғыстау облысында 126 аз қамтылған және көпбалалы отбасы жеке кәсібін ашты
Маңғыстау облысында 126 аз қамтылған және көпбалалы отбасы жеке кәсібін ашты: UGC

Бүгін Жаңаөзен қаласында жеке кәсібін ашқан кәсіпкер-аналардың жәрмеңкесі өтті. Тұрғындар кәсіпкерлердің қысқа мерзім ішінде жеткен жетістіктеріне көз жеткізіп, олардың өндірген тауарларын сатып алды. Аналардың қуанышын бөлісуге облыс әкімі Ералы Тоғжанов та барып, көрмені аралады. Аймақ басшысы да кәсіпкер-аналардың өнімін сатып алды.

Аз ғана уақытта Жаңаөзенде "AliTort", "Xanbibi", "Ozen nan", "Райымбек", "Аян", "Теңге самсасы", "Әлинұр", "Арай" секілді 126 жаңа бренд пайда болды. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен көпбалалы аналарға үй жағдайында өз бизнесін ашуға, оны сауатты жүргізуге қаржы – жеке кәсіпкерлер мен мецанаттардың қолдауымен жүзеге асып жатыр.

Маңғыстау облысында 126 аз қамтылған және көпбалалы отбасы жеке кәсібін ашты
Маңғыстау облысында 126 аз қамтылған және көпбалалы отбасы жеке кәсібін ашты: UGC

Осылайша, өңірдің әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылары жаппай жеке кәсібін ашуда. Солардың бірі – Көбенова Гүлжамал көп балалы ана. Небәрі 2 күн ішінде "Айдай" брендімен нан өнімдерін шығара бастады. Күнделікті тауарын супермаркеттерге жөнелтіп, жеке тапсырыстарды орындайды. Сөйтіп, күніне 20-25 мың теңге табыс тауып отыр. Жоба наурыздың 14-де бастау алған.

"Мен Қызылсай ауылының тұрғыны Кобенова Гүлжамал облыс әкімі Ералы Тоғжановтың бастамасымен және жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен бастау алған "Бизнес 3 күнде!" жобасына өтініш білдіріп, "Айдай" нан өнімдері атауымен өз кәсібімді бастап кеттім. Бастапқыда жоба үйлестірушілері үйге келіп түсіндірген кезде, бұл қандай жоба? Неге несиесіз, кепілсіз, дегенде өтірік деп ойладым. Шын мәнісінде бір аптадан кейін маған хабарласып, керекті құрал-жабдықтарымды әкеліп берді. Мен қатты қуандым.
Қазіргі таңда өзімнің кәсібімді бастадым үлкен рахмет! Сонымен қатар осы жоба үйлестірушілеріне және қолдау білдірушілерге үлкен алғысымды айтамын. Осындай әлеуметтік жобалар көп болсын, абыройларыңыз арта берсін!", - деген жоба қатысушысы қуанышын жасырмады.

Ал, Боранова Әйгерім "Асылым" брендімен қолөнер бұйымдарын саттыққа шығара бастады.

Маңғыстау облысында 126 аз қамтылған және көпбалалы отбасы жеке кәсібін ашты
Маңғыстау облысында 126 аз қамтылған және көпбалалы отбасы жеке кәсібін ашты: UGC
"Осы уақытқа дейін, тек Жаңаөзен қаласы бойынша арнайы топ 307 үйді аралап, 126 отбасының кәсіппен айналысуына мүмкіндік сыйлады. Әр отбасыда орташа есеппен 6-8 адам деп алғанда, шамамен 600-ге жуық адамның әлеуметтік жағдайы жақсарды деген сөз. Бұл жобаның барлық әлеуметтік жобалардан ерекшелігі – халыққа балық емес, қармақ беру", - дейді жоба жетекшісі Айжани Нұрланова.
Маңғыстау облысында 126 аз қамтылған және көпбалалы отбасы жеке кәсібін ашты
Маңғыстау облысында 126 аз қамтылған және көпбалалы отбасы жеке кәсібін ашты: UGC

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов "Бизнес 3 күнде" кәсіпкерлік жобасының аясында өңірде 370 жаңа кәсіп ашуды тапсырған болатын. Бұл жоба өңірдің барлық аудан-қалаларында қарқынды жүзеге асып жатыр. Жыл аяғына дейін 1000 отбасының кәсіп ашуына мүмкіндік жасау жоспарлануда. "Бизнес 3 күнде" кәсіпкерлік-жобасында желілік маркетинг тәсілдері пайдаланылады. Үй жағдайында бизнес ашып, кәсібін тұрақтандырған азамат, тағы 5 азаматқа кәсіп ашуына көмектессе әр адам үшін, сыйақы беріледі.

Бұдан бөлек, "Бизнес 3 күнде" жобасының аясында "Жақсылық жаса!" атты Жаңаөзен қаласы тұрғындарының арасында марафон ұйымдастырылды.

Маңғыстау облысында 126 аз қамтылған және көпбалалы отбасы жеке кәсібін ашты
Маңғыстау облысында 126 аз қамтылған және көпбалалы отбасы жеке кәсібін ашты: UGC

Жалпы Жаңаөзенде жұмыспен қамту кешенді түрде жүзеге асуда. Қала, ауыл тұрғындарының арасында жұмыссыздық мәселесін шешу мақсатында жыл басынан бері барлығы 2159 адам әлеуметтік шаралармен қамтылды.

Оның 350-і "Өзенинвест" ЖШС орналасқан. 104 адам өндірістік салаға, 40 көлік, 61 шағын және орта бизнеске, 382 адам бюджеттік салаға, 105 әлеуметтік жұмыс, 55 коммуналдық және 1020 азамат қоғамдық жұмыспен қамтылды. 130 азамат Ақтау қалсына қоныс аударуға ниет білдіріп, жұмыспен қамтылуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1790193-magystau-oblysynda-126-az-kamtylgan-zne-kpbalaly-otbasy-zeke-ksibin-asty/

pixel