Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қарғысы тиді": Үш бірдей келіні үйге сыйғызбаған әжей мұңын шақты

Опубликовано:

Жасы 70-ке келіп қалған қарт әже келіндерінің үйге сыйғызбайтынын айтып, жан сырын ақтарды. Әжейдің сөзінше, ол жас күнінде өз енесіне де дәл осылай "теріс қараған" екен. Қартайғанында екі қабатты коттеджде жалғыз қалған кейіпкер жастарға сабақ болсын деген ниетпен өз басындағы жағдайы баяндады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Life.ru
Көрнекі фото: Life.ru: Twitter

68 жастағы әжей елордаға осыдан он жыл бұрын қоныс аударған. Атыраудан келген қария үш ұлы бар екенін, үшеуінің де әйелдері үйге сыйғызбағанын айтып берді.

"Өмір деген солай екен. Келіндерім бірінен бірі өткен сұлу, ақылды қыздар. Бірақ маған дегенде көңілдері жібімей-ақ қойды. Бірінің үйіне барып, есігін қаға қалсаң, көп болса бір аптадан кейін қабақтарын шытып шыға келеді. Өкініштісі ұлдардың "Шешең өз үйіне кетпей ме, ол кісіге қарайтын уақыт жоқ" деп бастарын қатырады. Сосын амалсыздан өз үйіме қайтамын", - деп әңгімесін бастады әжей.

Қарт кісінің айтуынша, жас күнінде өзі де енесіне дәл осындай "қыңырлық" танытқан екен.

"Құдай деген бар деген рас екен. Енем келінге өте қатты адам болғандықтан, ол кісіге босағамды көрсетпеуге тырыстым. Шалым жарықтық жуас адам болатын. Менің көңіліме қарап, шешесін ауылға, інісіне қайтаратын. Сол кезде ештеңені ойламаппыз. Бірақ бақсы-балгерлерге барғанда, үнемі "үлкен адамның теріс батасын алғансың, қарғысы тиеді, істегенің алдыңа қайтып келетін" дейтін.

Сол айтқандары айдай келді. Енемнің қарғысы қазір өз басыма келді. Тағдыр қыз көрсетпеді, үш ұлым бар, үшеуі де әйелдерінен аса алмайды.

"Құдайға шүкір, жағдайым да, бәрі бар. Даңғарадай екі қабатты коттеджде жалғыз өзім тұрып жатырмын. Демалыс сайын немерені үлкені келіп тұрады, соған да рахмет айтамын. Ал ұлдар келіндеріммен тек мерекелерде, туған күндерде ғана келеді.
Басымнан өткен оқиғам жастарға сабақ болсын деп айтып отырмын. Қандай болса да, үлкен кісіні сыйлау керек екен. Әйтпесе, тағдыр деген бар, істегенің алдыңа қайтып келеді екен", - деп өкінішін білдірді әжей.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1790899-kargysy-tidi-s-birdej-kelini-jge-syjgyzbagan-kart-ze-myn-sakty/

pixel