Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы мектептерінде дұрыс тамақтануға байланысты ауқымды акция өтті

Жарияланған күні:

Іс-шара мақсаты – дұрыс тамақтануды қалыптастыру бойынша оқушылардың сауаттылығын жетілдіру, пайдалы тамақтанудың белсенді жақтастары болуға ынталандару, өз денсаулығына ден қоятын дағдыларды бойына сіңіру.

Алматы мектептерінде дұрыс тамақтануға байланысты ауқымды акция өтті

Театрландылырылған шоу үлгісінде дайындалған көріністерде ертегі және белгілі мультипликаторлық кейіпкерлердің сөздерімен пайдалы тамақтанудың ережелері туралы, көкөністер мен жемістердің денсаулыққа пайдасы мен қажеттілігі туралы балаларға жеткізілді, құрамында тұзы, қанты, бояғыштары мен иістендіргіштері аса көп болатын чипсы, тәттілердің әсері қандай болатыны көрсетілді, тез дайындалатын тағамдар мен газдалған сусындардың бала организмінің дамуына қандай кері әсері болатыны естеріне салынды.

Флешмоб, сайыстар мен викториналар көрермендерді акцияның белсенді қатысушыларына айналдырды.

Алматы мектептерінде дұрыс тамақтануға байланысты ауқымды акция өтті

Адам дұрыс тамақтанбаған жағдайда денсаулығы сыр бере бастайды. Компьютер, телевидение мектепте жоғары интеллектуалдық жүктеме болып, спортқа деген қызығушылық азайған кезде, әсіресе өсіп келе жатқан организм денсаулығына ешқандай пайдасы жоқ жылдам әзірленетін тағамдар көп болып тұрғанда, қоғамда артық салмағы бар, жиі сырқаттанатын, көру қабілеті төмен және тұлғалық жетілуі нашар балалар саны ұлғайып келеді.

Алматы мектептерінде дұрыс тамақтануға байланысты ауқымды акция өтті

Көптеген балалар үйден тамақтанбай шығады да, мектепке бара жатқан жолда өздеріне ұнаған тағамдарды (чипсы, кептірілген нан, хот-дог) сатып алады. Содан кейін өздерін жайсыз сезінетіндіктерін, іштері ауырғанын айтып, нәтижесінде дәрігерлердің көмегіне жүгінеді. Оқушының қалыпты дамуының басты шарттарының бірі – ойластырылған тиімді тамақтану.

Алматы мектептерінде дұрыс тамақтануға байланысты ауқымды акция өтті

Өспелі ұрпаққа әрдайым пайдалы және зиянды өнімдер туралы мәлімет беріп отыру қажет, тамақтану рационынан мүлдем алып тастамасаңыз да, оны барынша аз қолдануға жеткізу керек, «пайдасы жоқ» тағамдарды денсаулыққа пайдалы әрі дәмді тағам түрлерімен ауыстырған жөн. Тамақтану барысында организмге пайдалы тағамдардың ара салмағы дұрыс мөлшерде сіңіп, пайдалы тамақтану ұстанымдарына сәйкес болғаны дұрыс.

Көмірсулар, майлар мен белоктардың дұрыс ара қатынасы – пайдалы тамақтану негізі. Дәрумендер жетіспеген жағдайда бойдың өсуі тежеледі, организмнің жұмыс істеу қабілеті төмендейді. Сондықтан азық-тұлік құрамында болатын дәрумендерді барынша көп пайдалану керек.

Алматы мектептерінде дұрыс тамақтануға байланысты ауқымды акция өтті

Мысалы, етте, балықта, сүт өнімдерінде, көкөністер мен жемістерде дәрумендер көп болады. Дәрумендердің денсаулыққа пайдасы зор. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарына сәйкес мына мөлшердегі тағамдарды пайдалану қажет: күніне 500 граммнан кем емес жемістер мен көкөністер, күніне 50 гр жаңғақ, күніне екі литрден кем емес таза су ішу керек, белсенді қозғалыста болып, салмағыңызды бақылауда ұстаңыз, газдалған сусындар мен жылдам әзірленетін тағам жемеңіз. Балаларды ерте жастан өзінің жан дүниесін түсініп, айналасындағы пайдалы өнімдерді тани білуге үйрету керек!

Салауатты өмір салтын қалыптастырудың Алматы қалалық орталығы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1791270-almaty-mektepterinde-drys-tamaktanuga-bajlanysty-aukymdy-akcia-tti/