jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Редактор

Қарағанды облысында салафизмді насихаттаған азаматтар жазаға тартылды

: Facebook

Қарағанды облысының тұрғындары салафизмді насихаттағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сәтпаев қалалық соты әлеуметтік желілер арқылы салафизм бағыты жөнінде заңсыз үгіттеген үш азаматты айыппұлмен жазалады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қарағанды облысында салафизмді насихаттаған азаматтар жазаға тартылды
Көрнекі фото: shkolazhizni.ru: Facebook
"Бұл үш азамат өзінің «Вконтакте» және «Фейсбук» парақшалары арқылы діни бағыттағы материалдарды таратумен айналысқан: суреттер, уағыздар, дереккөзге сілтемелер.
Олар жариялаған материалдар Қазақстанның заңнамалық актілеріне қайшы келеді. Біздің ел аумағында мұндай материалдарды қолдануға тыйым салынған" , - деді Қарағанды облысындағы дін істері басқармасының өкілдері.

Сәтпаев қалалық сотының судьясы оларды "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексТІң 490 бабы, үшінші бөлімі бойынша кінәлі деп тауып, оларға жалпы көлемі 681 750 теңгені құрайтын айыппұл төлеуге міндеттеді.

Алғашқы екеуіне 252 500 теңге көлемінде, ал үшіншісіне 176 750 мың теңге төлеуге тура келеді.

«Әлеуметтік желілерде радикалды дін идеологиясын насихаттауға болмайды. Оған қоса, арнайы діни сараптамадан өтпеген діни әдебиетті де насихаттауға немесе таратуға болмайды" , - деді басқарма өкілдері.

Қарағанды облысында салафизмді насихаттаған азаматтар жазаға тартылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.