jitsu gif branding logo appbranding logo app

«31 арна» еліміздегі көпбалалы отбасылардың пәтерін жөндеп бермекші

: Facebook

«31 арна» ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесе отырып, Қазақстан бойынша көпбалалы отбасыларды қолдау мақсатында "Анашым, біз үйдеміз" жобасын бастайды. Миллиондаған телекөрерменнің көз алдында қарапайым пәтерлер мен үйлер толық жаңарып, көпбалалы отбасылардың өмір сүруі үшін барынша ыңғайлы баспаналарға айналады.

Қазақстанның көпбалалы отбасыларының пәтерлерін «31 арна» "Бақыт" жөндеуінен өткізеді
: Facebook

Пәтер және жөндеу мәселелері – қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі, ал көпбалалы отбасылар үшін әсіресе маңызды. Бірақ, әдетте, өз тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мұндай отбасылардың мүмкіндіктері жоқ.

Қазақстанның көпбалалы отбасыларының пәтерлерін «31 арна» "Бақыт" жөндеуінен өткізеді
: Facebook

"31 арна" ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірге көпбалалы отбасыларға қадам жасап, әрбір отбасы мүшесінің өмір сүру ерекшеліктеріне сай, жайлы және заманауи тұрғын үй жайлы армандарын іске асырмақ.

"Көпбалалы отбасының күнделікті тұрмысында өзекті мәселелер жетерлік. Олардың көбі баспана мәселесіне қатысты. Біз "Анашым, біз үйдеміз" жобасы көпбалалы отбасылардың үйлеріндегі интерьерді жаңартып қана қоймай, шаңырақтарына шаттық сыйлайды деп сенеміз. Әрбір серия – жеке шығарылым, бүтін бір отбасының жеке тарихы", – деп атап өтті "31 арнаның" бас директоры Юрий Бродский.
Қазақстанның көпбалалы отбасыларының пәтерлерін «31 арна» "Бақыт" жөндеуінен өткізеді
: Facebook

Жобаны дайындау 15 мамырда басталады.

Жобаға қатысу үшін қажет:

1. Сайтына өту

2. Қатысушының сауалнамасын жүктеу

3.  Өтінішіңізді dom@31.kz  электрондық поштасына жіберу

немесе +7 708 26 77 326  телефон нөмірі арқылы жоба координаторымен байланысу қажет.

Қазақстанның көпбалалы отбасыларының пәтерлерін «31 арна» "Бақыт" жөндеуінен өткізеді
: Facebook

Ал 11 тамыздан бастап "31 арнаның" көрермендері әр отбасымен" жеке" танысып қана қоймай, олардың пәтерлері мен үйлерінің барынша көркейе түсіп, қатысушыларға сыйлаған қуанышына куә болады.

*PR құқында.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.