Ақорданың түбіндегі президенттік саябақты жабайы шөп басып қалды (фото)
Жарияланған күні:
Елордада қала тұрғындары жиі баратын президенттік саябақ қаптаған қамыстың астында қалған. Қыстан бері тазартылмаған қалың шөп демалыс орнының сәнін қашыруда. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Нұр-Сұлтанда астаналықтар жиі бас сұғатын алып бақтың жартысы қамыстың астында қалған. Өкініштісі қалың шөп жастар жиі суретке түсетін көпір жанында қаумалап қалған.
Елордалықтар биылғы жылы аталмыш бақты тазарту жұмыстары жүргізілмегенін алға тартты.
"Гранд Астанада тұрамыз. Осы баққа жиі келеміз.
Мына көпірмен өтіп бара жатқанымызда, қалың қамыстың жайқалып тұрғанын көрдік. Сырт көзге ерсі көрінеді екен. Аз емес, кәдімгідей қалың болып, қаумалап қалған.
Биыл жалпы қалалық сенбілік дегенді естімедік. Жылда күн жылына сала осы бақта тазартып жатушы еді. Биыл оның бірін де көрмедік", - деп налыды қала тұрғындарының бірі.
Демалыс орнындағы субұрқақтардың да жай-күйі мәз емес. Бұрқақтағы плиталар қирап, бетін батпақ басып қалған.
Ал тұрғындар отыратын орындықтың сиқы мынау – бір ағашы түсіп, қирап қалған.
Сол сияқты бақтағы кей жол жиектері батпақ пе шаңның астында қалғанының куәсі болдық.
Бір қызығы президенттік саябаққа "Пирамида" жақтан келетін тұрғындар ауылдағыдай тауға шығып, шаң басқан жолмен баққа түсуге мәжбүр.
"Бірнеше жыл болды солай. Бала-шағамен осылай тау-тасқа мініп, секектеп жүреміз. Ал негізі тыныш, жақсы жер. Балалармен жаз бойы осында серуендейміз", - дейді қала тұрғындарының бірі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1794953-kamystan-krinbejdi-nr-sltanda-akordany-tbindegi-prezidenttik-saabak-zabajy-spti-astynda-kaldy-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.