Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президенттікке үміткерлердің пікірталасы қашан және қай арнадан көрсетілмек?

Опубликовано:

Қазақстандағы сайлау: Президенттікке үміткерлердің сайлау алдындағы пікірталасы қай уақытта өтетіні белгілі болды. Кандидаттар арасындағы теледебат 29 мамыр күні сағат 18:00-де "Хабар" арнасынан тікелей эфирде көрсетілмек деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

ОСК мемлекет басшысына үміткерлер арасындағы телевизиялық пікірталастар мен пікірсайыстарды жүргізу тәртібін көздейтін арнайы регламент әзірледі.

Онда бекітілген ережелерге сәйкес, телепікірталастар 3 раундқа бөлінген.

Бірінші раундтың тақырыбы - "Қазақстанның экономикалық даму басымдықтары". Сайлау алдындағы телевизиялық пікірталастар мен пікірсайыстардың бірінші раунды екі турды қамтиды.

Бірінші турда әрбір қатысушы өзінің сайлау алдындағы бағдарламасын  таныстыру мақсатында сөз сөйлейді.

Екінші турда қатысушылар оппоненттеріне екі сұрақ қойып, өздері де екі сұраққа жауап бере алады.

Екінші раундтың тақырыбы - "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы".

Екінші раундтың бірінші турында қатысушылар берілген тақырып бойынша сөз сөйлейді.

Екінші турда жүргізушілер барлық қатысушыларға бір-бір сұрақтан қояды.

Үшінші раундтың тақырыбы - "Сайлаушыларға арнау". Үшінші, қорытынды раундта қатысушылар тікелей сайлаушыларға арнап сөз сөйлейді.  

Түсірілім "Қазмедиа орталығы" медиакешенінде өтетін болады. Пікірталасты танымал тележүргізушілер Ерлан Игісінов пен Қымбат Досжан жүргізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1796272-prezidenttikke-kandidattardy-pikirtalasy-kasan-zne-kaj-arnadan-krsetilmek/

pixel