Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ары кетсе 6 раунд шыдайды": Спорт сарапшысы Головкин-Роллс кездесуіне болжам жасады

Опубликовано:

Отандық белгілі спорт сарапшысы Есей Жеңісұлы алдағы демалыс күні жерлесіміз Геннадий Головкин мен канадалық Стив Роллс арасында өтетін жекпе-жектің қалай аяқталатынын болжады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Ары кетсе 6 раундқа шыдайды": Танымал сарапшы Головкин мен Роллс жекпе-жегіне болжам жасады
Фото:Sports.kz: UGC

Отандасымыздың елімізде көрсетілетін бокс кешіне комментатор болатын журналист Головкиннің жаңа артықшылықтары мен қарсыласының кемшіліктерін де тізіп шықты. Спорт сарапшысының пікрінше жекпе-жек орта жолда аяқталып қалуы мүмкін.

"Бұл кездесуде ол (Головкин) Роллсті нокаутқа түсіруге іштей дайын жүрген сияқты. Меніңше, Роллс қатты қарсыласқанның өзінде алты раундқа баруы мүмкін. Дегенмен күні бұрын тоқмейілісуге болмайды. Өте мұқият болу керек. Головкин қорғана жүріп шабуылдау керек. Альвареспен екі кездесуінде де оның қорғанысы өте әлсіз болды. Егер осы жолы жылдамдықты қосып отырып, қорғанысты жақсы ұстайтын болса, біз Головкиннен алғашқы раундта-ақ нокаут көруіміз мүмкін", - деді спорт маманы.

Головкинді мүлде жаңа қырынан тануға тағы бірнеше себеп бар. Оның жаңа бапкері Джонатон Бэнкстің экс-чемпионның жылдамдығын арттыруға күш салуы. Әрі Геннадийдің калориясын, жүрісін, ағзасына түсетін күшін бақылап отыратын диетологтің пайда болуы.

Ал отандасымыздың қарсыласы аса танымал емес, өз елінен ұзап шықпаған, жұмбақ боксшы. Роллстың басты кемшілігі Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасы тұрмақ, америкада алғаш рет жекпе-жек өткізуге келуі.

"Мәселен, кеше ғана бүкіл Ұлыбританияда ғана емес, әлемді шулатып, 80 мың адам жинап жүрген Джошуа Руис американың нарығына барды да, бірінші кездесуден-ақ быт-шыт болып жеңілді. Сондықтан Канаданың аумағынан шықпаған боксшы Америкада қандай болады? Ол жерде психологиялық қысым да бар, қанша шебер болса да. Ал біздің жерлесіміз болса, ондағы бүкіл атмосфераға бой үйреткен. Осы да оның артықшылығы деуге болады", - деп ойын қортындылады Есей Жеңісұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1797952-ary-ketse-alty-raundka-sydajdy-sport-sarapsysy-golovkin-men-rolls-zekpe-zegine-bolzam-zasady/

pixel