Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жастар жылы аясында маңғыстаулық белсенділер жазғы лагерде бас қосты

Опубликовано:

Маңғыстаулық белсенді жастар жазғы лагерде бас қосты. Шараның басты мақсаты - жастар жылының аясында мың жылдық тарихы бар Маңғыстау өлкесінің тағылымын кейінгі ұрпаққа дәріптеу, тарихи сана қалыптастыру, әрбір жасты отансүйгіштік пен жауапкершілік сезімге тәрбиелеу, төл мәдениетімізді өскелең ұрпақтың бойына сіңіру.

Жастар жылы – жаңа мүмкіндіктер кезеңі

«Көгез» этно ауылында ұйымдастырылған лагерге жастар ұйымдарының өкілдері, ерікті жастар, мүмкіндігі шектеулі жастар, дарынды мектеп оқушылары, жас кәсіпкерлер мен вайнерлер қатысты.

Жалындаған өңір жастарына қолдау көрсетіп, демеу болу үшін облыс әкімі Ералы Тоғжанов ашық аспан, табиғат аясындағы шараға қатысты. Бейресми форматтағы кездесуде жастар өңір басшысымен еркін тақырыпта сұқбаттасып, көкейтесті сауалдарын қойды.

Жастар жылы – жаңа мүмкіндіктер кезеңі

Сонымен қатар, туризм және ауыл шаруашылық салаларындағы маңызды идеяларын тыңдап, жастар жүзеге асырған табысты жобалармен танысты. Ералы Тоғжанов:

«Маңғыстау атауының Мыңжылдығы күні кеше облыс көлемінде бастау алды. Бұл - рухқа тағзым, ата-баба аманатын орындау, жеткіншек ұрпаққа өнеге, тарих үшін тұғырлы белес деп есептеймін! Сіздер де осы бастаманы қолдап, әрі қарай жалғастырады деп сенемін. Бәріміз бірге атсалысып, ата-бабаларымыздың алдындағы парызды абыроймен орындауымыз қажет», - деді.

Аймақ басшысы ерекше атап өткен тағы бір жәйт - жастардың арасындағы еріктілер тобы. «Мұқтаж жандарға көмек көрсетіп, оларға қуаныш сыйлау – ең үлкен бақыт. Жақында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанайда өткен еріктілер форумында маңғыстаулық ерікті жастардың қызметін жоғары бағалап, ерекше атап өткен болатын.

Жастар жылы – жаңа мүмкіндіктер кезеңі

Осы орайда мен де облыстық жастар ресурстық орталығы жанындағы «Еріктілер корпусына» абыройлы қызметтері үшін алғыс айтамын. Жалпы, мені қуантатыны ерікті жастардың қатарының көбеюі. Жуырда Бейнеу ауданында 10 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер жиналып, жағдайы төмен отбасыға үй алып берген.

Жастар жылы – жаңа мүмкіндіктер кезеңі

Бұл үлкен бастама. Рамазан айында мұндай сауапты істі жасаған жастарымыз көпке үлгі» екенін ерекше атап өтті. Лагерде ұлттық ойындар (асық ату, арқан тарту, жамбы ату, көкпар, тоғызқұмалақ, ұршық иіру, аударыспақ, теңге ілу) ойнатылып, Шерқала - Айрақты тауы, Қызыл қала тарихи жеріне жастар саяхаты және жастардың экологиялық акциясы ұйымдастырылды.

Ағаш үй маңына дарынды суретші Бекежан Мерейдің картиналары қойылып, «Өнер» колледжі суретшілерінің пленері ұсынылды.

Жастар жылы – жаңа мүмкіндіктер кезеңі

Жастар әр топқа бөлініп, туризм және кәсіпкерлік тақырыбында семинар тренингке қатысып, жобалармен жұмыс жасады. Кездесу соңында өңір басшысы жастармен бірге «Кешкі алауға» қатысып, ақыл-кеңесімен бөлісті.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798109-zastar-zyly-aasynda-magystaulyk-belsendiler-zazgy-lagerde-bas-kosty/

pixel