Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында ата-ана 12 жастағы қызының тірі екенін дәлелдей алмай жүр

Опубликовано:

Түркістан облысы Отырар ауданының 12 жастағы тұрғыны құжат бойынша өлілердің қатарында болып шыққан. Айжан Аманжол мен оның ата-анасы бұл ақпаратты өткен жылы кездейсоқ біліпті. Алайда, сол кезден бастап құзырлы мекемелерге шағымданған жанұя қыздарының тірі екенін әлі дәлелдей алмай жүр деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото: Видеодан кадр/ КТК
Фото: Видеодан кадр/ КТК: Twitter

Ресми түрде мектепке барып, медбақылау кезінде екпе алып жүрген жасөспірім қыз бес жылдан бері тірілердің қатарында болмаған.

Оның "о дүниелік" екенін өткен жылы анасы қызын ауруханаға апарғанда білген екен. Айжанның шақалақ күнінде шетінеген егізінің сыңарымен шатасқан болуы керек деген болжам да жоққа шығыпты.

2014 жылдан бері өлілердің санатына ілінген қыздарының тірі екенін дәлелдеу үшін ата-аналар құзырлы мекемелердің табалдырығын тоздырған. Алайда, шырылдаған жанұя аудан әкімнің алдына жолатпайды дейді.

Фото: Видеодан кадр/ КТК
Фото: Видеодан кадр/ КТК: Twitter
"Өлді" деп шыққан компьютерден. Сіңілімнің егізі бар сонымен шатысты деп ойладым. 2014-те қайтыс болған деп тұр. Қызымның құжатын дұрыстап берсе деймін. Жекеменшік ауруханаға көрсетіп жатырмын. Басы ауырады дейді. Емделмесе ертең өзінен – өзі сөйлей беретін біртүрлі ауруға шалдығуы мүмкін екен", - дейді Айжанның анасы Жанат Сүлейменова.

Жанұяның мәселесінен хабардар болған шенеуніктер, ауыл әкімінен бастап аудандық жұмыспен қамту бөлімі басшыларына дейін жанұяны сабырға шақырып жүр.

Айтуларынша, қате техникадан кеткен.

"ҚР жедел ақпараттық жүйесіне телефон шалдық. Енді ол жерде біздің өтінішті қабылдап алды. 21 күн аралығында мәселе шешіледі деді. Сол Ішкі істер министрлігінің базасынан қате кетіп тұр", - дейді Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қалзира Кизбай.

Бес жыл бұрын кеткен қатеге кімнің жауап беретіні белгісіз. Дегенмен, шенеуніктер бір жылда бітпеген жұмысты 20 күнде шешеміз деп отыр.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798202-trkistan-oblysynda-ata-ana-kyzyny-tiri-ekenin-dleldej-almaj-zr/

pixel