Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Instagram-ның бұғатталуы отандық кәсіпкерлерге қалай әсер етті?

Опубликовано:

Елімізде Instagram әлеуметтік желісінің істен шыққаны отандық кәсіпкерлерге кері әсер еткен деп хабалайды NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Instagram бұғатталуы отандық кәсіпкерлерге қалай әсер етті
Көрнекі сурет: ysia.ru: Twitter

Instagram желісі жеті жыл бұрын пайда болып, алғашқы күннің өзінде 25 мың рет жүктелген.

2019 жылды 31 қаңтарында Марк Цукерберг Facebook парақшасында Instagram күнделікті 500 млн адам көретінін хабарлады.

Дүниежүзінің кәсіпкерлері Instagram-нан өз аудиториясын табуға асықты.

Алайда бірнеше күн Қазақстанда әлеуметтік желілер (Facebook, YouTube және Telegram мессенджері) оның ішінде Instagram желісі дұрыс істемей, істен шықты. Осы аралықтағы үзілістің өз құны бар болып шықты.

"Бұғаттау салдарынан сатылым 30% төмендейді. Бұғатталу сатылым сапасына әсер етеді, себебі клиенттер өз сауалдарын кешкі уақытта қояды, ал кешке желі істемесе, мұндай мүмкіндік болмайды. Сондай-ақ жариялаған посттың қанша аудиторияны қамтығаны да маңызды. Неғұрлым көп адам көрсе, соғұрлым көп клиент болады", - дейді әлеуметтік желі кәсіпкері Эмин Әскеров.

COST (The NetBlocks Cost of Shutdown Tool) сервисінің мәліметінше, Қазақстандағы бір сағаттық Instagram бұғатталуы 40,2 млн теңге шығын әкеледі.

"Әлеуметтік желідегі ақаулар интернет-дүкендерге кері әсер етеді. Негізгі жұмыс кешкі уақытта жүргізіледі, ал ол кезде желі бұғатталады. Клиенттерімізбен кері байланысқа шыға алмаймыз, ал бұл аса маңызды", - деді ескі заттар дүкенінің иесі Дана.

Егер бұл рас болса, онда бұл Павлодар облысының бір жылдық бюджеті екен. Бұл аймақ 2019 жылы қазынаға 46,1 млн әкелді.

"Туристік бизнес әлеуметтік желімен тікелей байланысты. Бұл жарнама беру алаңы. Күніне кем дегенде екі рет баға жазылған пост жариялап, клиенттерді қызықтырамыз. Ал бұғатталу кезінде түк істей алмаймыз. Тіпті WhatsApp істемей жүр. Бұл кезде жұмысымыз толық тоқтайды", - дейді туристік агенттіктің иесі Айжан Каримова.

Маркетинг саласында 8 жыл істеп жүрген digital- маман Элла Макатова да осы жағдайға қатысты пікірін білдірді.

"Кейбір оқиғалар мен ақпаратты белгілі бір уақытта жариялау керек. Интернеттің бұғатталуы келіссөздерді, жоспарларды бұзады", - дейді Элла Макатова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1799402-instagram-bgattaluy-otandyk-ksipkerlerge-kalaj-ser-etti/

pixel