jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Ауыр дертке шалдыққан 12 жасар қыз көпшіліктің көмегіне мұқтаж

: Getty Images

12 жастағы Сафият Қыдырәлиеваға апластикалық анемия диагнозы қойылған. Оның салдарынан науқастың жілік майы барлық қажетті қан жасушаларын: эритроцит, лейкоцит және тромбоциттерді өндіруді тоқтатады. Сырқат ауыр болғанымен, емдеуге келеді. Сафияттың өмірін барынша аман алып қалуға тырысып жүрген ата-ана бүгінде қазақстандықтардан көмек сұрауға мәжбүр болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Анықталғандай, Сафият осы жылдың бірінші наурызынан бастап Алматыдағы педиатрия мен балалар хирургиясы орталығында жатыр.

Бүлдіршінге жілік майын ауыстыру бойынша ота жасату ауадай қажет.

Отандық дәрігерлердің мұндай ауыр дерттерді емдеуде тәжірибесі жеткіліксіз болғандықтан, қыз баланың ата-анасы операцияны Минск қаласында жасауға шешім қабылдаған.

Белоруссия клиникасы Сафиятқа ота өткізуге даяр екенін жеткізген. Операция құны - 130 мың АҚШ доллар.

Мұндай қаржысы жоқ науқас қыздың туыстары бүгінде барша жанашыр жандардан көмегіне жүгінді. Олар Сафияттың өмірін сақтап қалатын операцияны жасауға қаржылай көмек көрсетуін сұрайды.

"Жиеніме Минск қаласында жасалатын жілік майын ауыстыру операциясына қаржылай көмек көрсетулеріңізді сұраймын. Отаның құны 130 мың АҚШ долларын құрады. Белоруссия ТМД бойынша балалар онкогематологиясын емдеуде ең үздік ел болып саналады. Сәтті жасалған оперция Сафиятқа өмір сыйлайды. Барша қайырымды жандардан көмек сұраймыз" , - деп жазды бүлдіршіннің тәтесі.

Кішкентай Сафияттың отасына көмек көрсетем деушілер төменде келтірілген есепшорттарға қаржылай көмек аудара алады:

Kaspi Gold: 5169 4931 6270 5365 ЖСН: 710921302626 Кыдыралиев Максат Токтогулович (әкесі)

Halyk Bank: 4904 7252 8553 6786 (Мультивалютты есепшот) Кыдыралиев Максат Токтогулович (әкесі)

Ауыр дертке шалдыққан 12 жасар қыз көпшіліктің көмегіне мұқтаж

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.