Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайсар мен Қайрат: Ақтөбедегі егіз полицейлер жайлы не білеміз? (фото)

Жарияланған күні:

Ақтөбе қаласында бір-біріне қатты ұқсайтын егіз полиция инспекторлары бар. Егіздер жұптары жазылмай бір саланы таңдаған. Облыстық жол-патрульдік полициясында қызмет ететін Қайсар Тәжекен мен Қайрат Тәжекенге қызыға қарайтындар көп деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қайсар Тәжекен мен Қайрат Тәжекен
Қайсар Тәжекен мен Қайрат Тәжекен: Original

Егіз бауырлардың бірі Қайсар Тәжекеннің сөзінше, бір салада еңбек ету олардың бала күнгі арманы болған.

"Үлкен ағамыздың форма кигеніне қызығатын едік. "Біз де формамен жүретін жұмысқа барамыз" деп өстік. 2011 жылы әскерге бірге барып келген соң патрульдік полиция қызметіне орналастық. Жұмыста әр күніміз қызық. Егіз болған соң көп адам шатастырады. Әскерде жүргенде кезекшілікке орнымызды ауыстырып шыға беретінбіз. Ол әсіресе шаршаған кездерде жақсы. Оқып жүрген кезде Қайрат менің орныма сабақ айтып жіберетін", -дейді Қайсар Тәжекен.

Егіздер қаладағы қоғамдық тәртіпті сақтау мен қамтамасыз етуге қызмет етіп жүрген жас мамандар. 29 жастағы жігіттердің қатарласып бір салада жұмыс істеп жүргендеріне жеті жылдай болған.

Қайсар Тәжекен мен Қайрат Тәжекен
Қайсар Тәжекен мен Қайрат Тәжекен: Original
"Жұмыста екеуміз бір кезекке шығамыз. Еңбек демалысын бірге аламыз. Бала күнімізде бір апталап көрмесек ауыратын едік. Есейген соң ол қалды. Бірақ әлі күнге дейін Қайсар ауырып қалса, бір апта не бір айдан кейін сол аурумен мен ауырамын", - дейді егіздің сыңары Қайрат.

Егіздер бір ауылдың қыздарына үйленген. Қайсардың үш, Қайраттың екі баласы бар.

"Көбіне бізді балаларымыз шатастырып алады. Бір-біріміздің үйімізге барғанда алдымыздан "папалап" жүгіріп шығады. Құшақтағанда бетіңе қарап тұрып "Сен менің папам емессің" деп кетіп қалады", - дейді олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1800880-aktbede-balalaryny-zi-satastyryp-alatyn-egiz-policejler-zajly-ne-bilemiz-foto/