Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қыздары мықты екен": Әйелін қатты жақсы көретін жігіт Ақтөбенің полицейі атанған

Опубликовано:

Ақтөбелік полицейлер жол-көлік оқиғаларын азайту үшін бірге жұмыс істеуге шақырады. Мамандар пікірінше, жолдағы қазаға көп жағдайда жүргіншілердің өзі кінәлі деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Ақтөбе облыстық полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы жол және техникалық инспекция бөлімінің басшысы Еркін Өтегенов қаладағы барлық жол қалтарыстарын бес саусағындай біледі.

"Негізгі жұмысымыз жолдағы қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз ету. Қазір автокөлік көп. Ал жол құрылысын дамыту көлік санына ілесе алмай тұр. Егемендік алған жылдары жағдай жақсарды. Көліктер көбейді. Ал жолымыз көп жерде баяғы қалпында қалды. Кеңес үкіметі кезінде қалада 20 мың ғана машина еді. Қазір 120 мың машина бар. Бұл тіркелгені. Одан басқа аудандардан келетін машиналарды қосыңыз.
Биыл облыста 335 жол көлік оқиғасы болған. 27 адам қаза тапты. 448 адам түрлі дене жарақатын алды. Бейбіт өмірдегі мезгілсіз қазаны көргене қиналасың. Жол-көлік оқиғалары қаланың ішінде жол белгілерін сақтамағаннан болса, қаланың сыртында қарсы жолға шығып кету және жылдамдықты шамадан тыс асырудан болып жатады. Жол оқиғаларының көбіне жаяу жүргіншілердің өзі кінәлі болады. Белгіленбеген жерден өтеді. Тәртіпке бағынуды әркім өзінен бастау керек",-дейді Еркін Өтегенов.

Полицей өзінен көмек сұрап хабарласатын таныстары үшін ұялатынын да жасырған жоқ.

"Мені көп адам таниды, мүмкін көпшілігінің ашуы келетін шығар. Қызық оқиға болған. Ол кезде жол полициясымыз. Түңгі рейд кезінде бір көлік жол ережесін бұзып, тоқтамай кетті. Қуып жүріп, көлікті айыппұл тұрағына апардық. Жүргізуші: "Аға, жіберші, осында Өтегенов Еркінді танимын" деп өзімнің атымды айтып тұр. "Бері кел" деп құжатымды көрсеттім. Менің атымды біреулерден естіп, алдап кеткісі келген екен. Мұндай жағдайлар әріптестеріңнің алдында ұят. Әркімнің өзінің жұмысы бар. "Көмектесіп жіберші" деп хабарласатындар көп. "Білмеймін" деген бір сөз, "білемін" деген көп сөз.
Мен расымен ондай жағдайда араласа алмаймын. Әркімнің өз жұмысы бар. Баяғы әңгімені қою керек. Барлық сызба оқиға бойынша жасалады. Себебі сол жердегі маман қолымен жазған әр нүкте үшін басымен жауап береді. Менің туған ағам осы қалада тұрады. Көлік айдап жүргеніне 20 жылдай болды. Маған бір қоңырау соғып көрген емес. Бәрін заңға сай жасайды. Өзім де жол ережесіне бағынамын. Қызметіме еш ренішім жоқ. Мемлекеттік бағдарламамен жаңа үй алдық. Балаларым оқу үздігі. Баспанамыз бар, жұмыс бар",-дейді ол.

Полиция подполковнигі Қызылорда облысының тумасы. Үш баланың әкесі келіншегін қатты жақсы көретіндіктен Ақтөбе өңірінде тұрақтап қалған.

"Мен бұл қаладан емеспін. Ақтөбенің қызын алып, осы жерде қалып қойдық. Бұл жақтың қыздары мықты екен. Алып қалды ғой. Ақтөбенің халқы жақсы. Барды бар, жоқты жоқ деп бетке тура айта салады. Заңсыздықты көрсе, айқай шығарып әділдікті сұрайды. Қазір менің өзім де солай болып кеттім", -дейді полицей.

Полицейлер жол бойындағы қауіпсіздік жоғары деңгейде болу үшін жергілікті әкімдікке бірнеше ұсыныс жасаған.

"Біздің жергілікті әкімшілікке жолдаған ұсыныстарымыз аз емес. Жүргіншілер жолағына дыбысты белгі қойғымыз келеді. Көшені жарықтандыру жұмыстарын қарқынды жүргізу керек. Үнемі әлеуметтік желіге талдау жасап отырамыз",-дейді Еркін Өтегенов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801033-kyzdary-mykty-eken-jelin-katty-zaksy-kretin-zigit-aktbeni-policeji-atangan/

pixel