Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды базарында қайыр тілеп отыратын әжейдің жағдайы елді алаңдатты

Опубликовано:

Қарағандыдағы базарлардың бірінде қайыр тілеп отыратын қазақ әжейдің тағдыры дүйім елді алаңдатты. Желі қолданушыларының арқасында базардың жертөлесінде қайыр сұрайтын әжейге қол ұшын берушілер табылған деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қарағанды базарында қайыр тілеп отыратын әжейдің жағдайы елді алаңдатты
Фото: Facebook; коллаж: КAZ.NUR.KZ: Original

Гүлайым Шаку есімді Facebook қолданушысы Қарағандының “Шығыс" базарында қайыр тілейтін әжейдің хал-жағдайын сұрастырып, оның неліктен мұндай күйге түскенін анықтауға тырысқан.

«Мен осы апайды жиі көремін. Үнемі ақша сұрап отырады, тиын беріп өтіп кете беруге жүрегім шыдамады. Бәріміздің анамыз бар, қасына барып әңгімеге тартып, неге осылай жүргенін сұрамақ болдым. Апай басында ештеңе айтқысы келмеді», - деп жазады Гүлайым ханым.

Желі қолданушысының айтуынша, әжей өзін Қоқым Маржан деп таныстырған. Ол өзінің Бай-Өлкеде тұрғанын, әкесі танымал молда болғанын жеткізіпті.

Ең өкініштісі, әжей бала-шағасының Моңғолияда тұратынын және олардан еш көмек жоқ екенін айтқан.

«Апайдың қазіргі жағдайы мені қатты аландатады, қолында құжатты жоқ, тіптен, тиісті зейнетақысын ала-алмай жүр, басында баспанасы да жоқ. «Пәтер жалдап тұрамын, ақшамды бастығыма беремін», дейді.

Сонда бұл Апайдың жағдайы не болмақ?! Балалары, туыс-туғандары қайда? Бар болса неге көшеде тиын сұрап, көрінгенге қол жайып отыр?

Тым болмаса төлқұжатын қолына алып, тиісті зейнетақысын алуына көмек бергім келеді. Балалары қайдасыздар?», - деп жазды Гүлайым Шаку.

Желіде бұл жазба тез таралып, әнші Меруеш Башай Қарағандыдағы базарлардың бірінен әжейді тауып алған.

Қарағанды базарында қайыр тілеп отыратын әжейдің жағдайы елді алаңдатты
Фото: Facebook: Facebook

Ол барынша көмек көрсету үшін кейуананы іздеп, базарға арнайы барған.

«Іздеген адамымды таптым. Қазір өзіммен бірге алып барамын», - деп жазды Меруеш ханым желідегі парақшасында.

Әншінің бұл қадамын құптап, пікір жазушылар санында шек жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801138-karagandy-bazarynda-kajyr-tilep-otyratyn-zejdi-zagdajy-eldi-aladatty/

pixel