jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Әпкесін сүйген жігітті ұмыта алмаған бойжеткен сырын ақтарды

: UGC

Аяулы есімді бойжеткен оқушы кезінде өзінен төрт жас үлкен жігітке ғашық болғанын сөз етті. Арудың айтуынша, оның сымбатты, кішіпейіл, ақылды азаматқа деген сезімі жауапсыз болған. Себебі ол жігіт сылқымның сыңарын сүйген екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: woman-psy.com
Фото: woman-psy.com: UGC

Жазғы демалыста апасының үйіне келіп тұратын жігітке бойжеткеннің көңілі мектеп күнінен бұрып тұрған.

"Мектепте оқып жүргенімде Ерұлан есімді жігітті сүйіп қалдым. Ол ауылдағы көрші апаның жалғыз немере ұлы еді. Менен 4 жасқа үлкен. Ата-анасы ауылдан қалаға қоныс аударған соң апасына жазғы демалыстарда келіп тұратын. Қалада оқуын қызыл дипломмен тәмамдап, шет мемлекетте де тұрып келген. Өзі сондай сымбатты, ақылды", - дейді аяулы.

Арудың сөзінше, ер азамат оған ғашық көздерімен қарай алмаған, себебі қыздың сыңарын сүйіп келген екен.

"Ерұлан маған қарындасына қарағандай қарайтын. Осындай жігітке лайық болу үшін қандай қыз болу керек деп ойлай беретінмін. Сөйтсем ол бірнеше жылдан бері менің сыңарымды ұнатып келген екен. Оны есітегнде жүрегім қақ айырылғандай болды. Алайда сыңарым оған көз қырын салып та көрмеген, жанына жуытпайтын", - деді Ару.

Аяулы осы уақытқа дейін шынайы махаббатын жолықтырып кеөремегенін, сол бір жігітті үнемі ойлап жүретінін де жасырмады.

"Жасым жиырма төртке келсе де сол бір алғашқы махаббатымды ұмыта алмадым. Сыңарым сүйгенін жолықтырып, жазда тұрмысқа шығады. Ал мен сол кезден ешкімді жолықтырмадым. Ерұлан кейде түсіме кіреді. Естуімше ол да отбасын құрғалы жатыр екен", - деді ол.
Әпкесін сүйген жігітті ұмыта алмаған бойжеткен сырын ақтарды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.