Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арыстағы жарылыс: Қалжырап жатқан өрт сөндірушілердің суреті жарияланды

Опубликовано:

Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов Арыстағы өрт сөндірушілердің жұмысы туралы айтты. Ол Facebook желісіндегі парақшасында әсерлі жазба қалдырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook/Сәкен Қалқаманов
Фото: Facebook/Сәкен Қалқаманов: Facebook

Қалқаманов таңертең қаладағы барлық өртті сөндірілгенін мәлімдеді.

Оның сөзінше, әскери бөлім аумағындағы қызыл жалынды ғана ауыздықтау қалды.

"Арыстағы қызыл жалынды күні бойы демалыссыз жүріп өшірген, тұрғындарды эвакуациялаған өрт сөндірушілердің алдында басымды иемін", - деді әкімнің кеңесшісі.

Ол төтенше жағдайды ауыздықтауға 400 маман қатысқанын атап өтті.

Еске сала кетейік, 24 маусым күні таңғы сағат 09:20-да Арыста орналасқан әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс, Ішкі істер министрліктеріне және Түркістан облысы әкіміне жарылыс зардаптарын жоюды тапсырма беріп, кейін оқиға орнына өзі аттанды.

Жағдаймен жеке танысу үшін Түркістан облысына келген президент жарылыстан зардап шеккендер мен тұрғындардың хал-жағдайын біліп, мемлекет тарапынан барлық көмек көрсететілетінін айтты.

Сондай-ақ, президент зардап шеккен үйлерді аралап, бірқатар нақты тапсырма берген болатын.

Бүгін, 25 маусымда үкімет басшысы Асқар Мамин жарылыстан екі адамның көз жұмғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801430-arystagy-rtten-aman-kalgan-rt-sndirusilerdi-sureti-zelide-zarialandy/

pixel