Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құрылыс материалдары тиелген жүк көліктері Алматыдан Арысқа жіберіледі

Опубликовано:

Алматы әкімі Бауыржан Байбек өз Instagram парақшасында алматылықтарға шетте қалмай, Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге көмек көрсету қажеттігін айтты. Ол бұл туралы өз Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қала басшысы алматылықтардың атынан көз жұмғандардың жанұясына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

Әкім қазір жиналып жатқан жөндеуге қажетті тауарлар мен алғашқы қажеттілік тауарлары, бірнеше ондаған жүк көліктері зардап шеккен қалаға жақын арада жіберілетінін мәлімдеді.

Алматы әкімдігінің, коммуналдық кәсіпорындар мен басқа да ұйымдардың қызметкерлері қала мен зардап шеккендердің үйлерін қалпына келтіруге көмек көрсету үшін өздерінің бір күндік жалақысын аударады.

Сонымен қатар, ол Арыс тұрғындарына гуманитарлық көмек жинауды бастаған "Мен - алматылықпын" қозғалысына қатысушыларға алғысын білдірді.

"Барлық алматылықтардан шетте қалмауды сұраймын. Біздің күшіміз - бірлікте. Бірлікте болайық!",- деп қорытындылады әкім жазбасын.

Еске сала кетейік, 24 маусым күні таңғы сағат 09:20-да Арыста орналасқан әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс, Ішкі істер министрліктеріне және Түркістан облысы әкіміне жарылыс зардаптарын жоюды тапсырма беріп, кейін оқиға орнына өзі аттанды.

Жағдаймен жеке танысу үшін Түркістан облысына келген президент жарылыстан зардап шеккендер мен тұрғындардың хал-жағдайын біліп, мемлекет тарапынан барлық көмек көрсететілетінін айтты.

Сондай-ақ, президент зардап шеккен үйлерді аралап, бірқатар нақты тапсырма берген болатын.

Бүгін, 25 маусымда үкімет басшысы Асқар Мамин жарылыстан екі адамның көз жұмғанын мәлімдеді.

Кейіннен Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстықтарға көмек беріп жатқан халыққа алғысын білдірсе, Тұрғымбаев өртті не себепті сөндіре алмай жатқанын түсіндірді.

Сондай-ақ, жарылыс күні Арыста ұялы байланыс неге істен шыққаны, қазіргі уақытта қаланың жағдайы қандай екені белгілі болды.

Қазіргі уақытта Жамбыл облысынан Арысқа 40 тонна азық-түлік жіберілді.

Соңғы мәліметтер бойынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс тұрғындарына өзінің бір күндік жалақысын аударды. Сондай-ақ, қалада жоғалып кеткен әскери қызметкер табылды.

Айта кететін жайт, жойқын жарылыс болған өңірде мешіттің әйнектері аман қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801498-krylys-materialdary-tielgen-zk-klikteri-almatydan-aryska-ziberiledi/

pixel