Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымбек Кенжебаев: Боксшыларымызды өзбектермен салыстыруды қою керек

Опубликовано:

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бапкері Ғалымбек Кенжебаев отандық боксшыларды өзбектермен салыстыруды доғару керек екенін алға тартты. Маман қазақ боксының мықтылығын мойындататын күн туатынын айтты деп жазады ҚазАқпарат.

Фото: prosports.kz
Фото: prosports.kz: UGC

Жаңа бапкер бокстан ұлттық құрама тек өзбек әріптестерін жеңіп, немесе олардан басып озу үшін ғана жаттығып жүрген жоқ екенін ескертті.

"Соңғы жарыстарда өзбек спортшылары бізден бір-екі "алтын" артық алып кеткені рас. Бірақ, оған бола олай байбалам салудың керегі жоқ. Біздің қазақ боксшыларының олардан қай жері кем? Жарыс бар жерде жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Алда өзбек боксшыларымен әлі жүз рет кездесеміз.
Бізде мықтылығымызды мойындататын күн болады. Үмітпен істеген істің бір күні жемісі болады. Біз тек, өзбек боксшыларын жеңу үшін ғана жаттығып жатқан жоқпыз. Бұйырса, қазақ боксшылары әлемнің "менмін" деген талай мықтыларының қабырғасын қайыстырып, танауын "жаратын" болады. Сол үшін, "қазақ боксының күні бітті" дегендерге өзімізді дәлелдейтін уақытымыз алыс емес. Айтарым, біздің боксшыларымызды өзбектермен салыстыра беруді қою керек" , - деді Ғалымбек Кенжебаев.

Айта кетейік, бұған дейін ұзақ жылдар бойы бокстан Қазақстан Ұлттық құрамасын Мырзағали Айтжанов жаттықтырған еді. Алайда, өткен жылдың желтоқсан айында ол қызметінен кетіп, бас бапкерлікке Ғалымбек Кенжебаев тағайындалды. Ұлттық құраманың жаңа жаттықтырушысы Мырзағали Айтжановтың өз көмегін тигізіп, әлі де қазақ боксының ортасында жүргенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802372-galymbek-kenzebaev-bokssylarymyzdy-zbektermen-salystyrudy-kou-kerek/

pixel