Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысының Сарысу ауданында жалғыз басты ана баспаналы болмақ

Опубликовано:

Жамбыл облысы Сарысу ауданында қарасты Жаңаталап ауылының тұрғындары асарлатып, жалғыз басты анаға үй салып жатыр.

Жамбыл облысы Сарысу ауданында жалғыс баста ана баспаналы болады

Аталмыш бастамаға Жаңаталап ауылдық округінің әкімі Нұрхан Ақмағанбетов мұрындық болып, ұйымдастыру жұмыстарының басы – қасында жүр.

Тіпті, құрылыс жұмыстарына ауылдықтармен бірге округ әкімдігі аппаратындағы қызметкерлер де білек сыбана кіріскен. Аудандық «1 отбасы, 1 пәтер» жобасы бойынша қолға алынған қайырымдылық шарасына жаңаталаптықтар жаппай атсалысуда. Ауыл тұрғындары шама-шарқыларынша құрылыс материалдарына ортадан қаржы жинап, көп болып көмектесуде. Берекелі іске ұйытқы болған әкім осыны ерекше атап өтті.

«Округімізде тұратын жалғыз басты анна Бейсенкүл Баймұратова кішкентай ғана тар үйде күнелтіп келеді. Осыны көріп ауыл болып білек сыбана кірісіп, апамызға жаңа үй салып беруді қолға алдық. Көрінген таудың алыстығы жоқ демекші, қабырғалары көтеріліп қалған үйге жуық арада Бейсенкүл апа кіріп, қоныс тойын тойлайтын болады», – дейді ауыл әкімі Нұрхан Ақмағанбетов.

Қашанда қол көмектерін аямай, қамқорлық танытып келе жатқан ауылдастарына деген Бейсенкүл апаның айтар алғысы шексіз. Ол жаңа үйіңе ертерек кіруді армандайды.

«Өзім жалғызбастымын. Баспана мәселесін шешуге жағдайым болмады. Ауылдастарым, туған-туыстарым, көршілерім төңіректегі бәрі жәрдем беруде. Игі іске ауыл жастары, көршілер, тіпті, каникул уақытында мектеп оқушылары да атсалысуда. Барлығына шынайы аналық ақ алғысымды білдіремін», – деп ағынан жарылды Бейсенкүл апа.

«Көп түкірсе көл» дейді халық даналығы. Бірі кірпіш, бірі ағаш, бірі қажет құрылыс материалдарын алып беріп, мұқтаж жанға қуаныш сыйлау халқымызға тән қасиет. Бұрындары да үй салуға жағдайы келгенімен жұмыс қолы жоқ отбасыларға ауыл болып асарлатып үй көтеріп беру дәстүрі бар. Ал, тұрмысы төмен, көп балалы отбасыларға көмек қолын созу-әр азаматтың борышы.

Осы дәстүрді жаңғыртып, жалғыз басты анаға бүкіл ауыл болып, үй тұрғызып жатқан жаңаталаптықтар осымен тоқтап қалар емес. Алдағы уақытта да тұрмысы төмен отбасыларға жәрдемдесе бермек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802724-zambyl-oblysyny-sarysu-audanynda-zalgyz-basty-ana-baspanaly-bolmak/

pixel