jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Алматы облысында жігітке кездесуге шыққан 16 жастағы қыз жоғалып кетті (фото)

: UGC

Алматыда зайсандық 16 жастағы Назерке Қайырбекқызы үш аптадан бері іздестіріліп жатыр. Жақындары оны әлеуметтік желіде ұзақ сөйлескен жігіт ұрлап кетуі мүмкін деп отыр. Бұл туралы "Алматы" телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: "Алматы" телеарнасы
Фото: "Алматы" телеарнасы: UGC

Назерке-жанұядағы жалғыз қыз. Ол қарапайым, тәртіпті әрі үлгілі оқиды. 9-сыныпты бітірген соң ата-анасы оны Алматы облысында тұратын туыстарының тойына жібереді.

16 маусым күні тойды өткізген Назерке таңғы 6-да үйден шығып, жоғалып кетеді.

Бойжеткеннің анасы Бағдат Мұсылманова содан бері қызынан еш хабар жоқ екенін айтуда. Туыстары Назеркені қайдан және қалай іздеу керегін білмей отыр.

Оның телефоны сөніп тұр, ал жақындары полицияға арыз тастады.

Жақындарының айтуынша, оқиғаға Назерке Зайсанда жүріп танысып, әлеуметтік желіде хат алмасып тұрған жас жігіттің қатысы болуы мүмкін. Олар бойжеткен жоғалмас бұрын сол азаматпен екі сағаттай сөйлескенін айтып отыр.

Әбден уайымдаған ата-анасы қызды күштеп ұстауы мүмкін деп есептейді.

Бұл нұсқаны құқық қорғау органдары да теріске шығарған жоқ. Жақында жігіт Алматыда бой көрсеткен екен.

Талғар аудандық Криминалдық полиция учаскесінің бөлім бастығы орынбасары Андрей Бурьянский нұсқалардың бірін пысықтау үшін жедел топтың ШҚО-ға шығып бара жатқанын айтты. Полиция, расымен, Назеркеге Қамбар есімді жігіт хабарласқанын, ол кездесуге шыққан соң жоғалып кеткенін растап отыр.

Анықталғандай, 18 маусым күні қыз әкесіне хабарласып, жағдайы жақсы екенін айтып, полицияға арыз тастамауды сұраған. Алайда, содан кейін байланыс үзіліп кеткен.

Жастардың сұлбалары барлық Қазақстанға жіберілді. Назеркенің жақындары кез келген ақпарат бойынша төмендегі нөмірлерге хабарласуды сұрайды.

+7 778 688 41 55, +7 775 969 1240, 102.

Алматы облысында жігітке кездесуге шыққан 16 жастағы қыз жоғалып кетті (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.