Эльмира Суханбердиева 9 шілде күні сот алдына келеді
Опубликовано:
Бұрынғы білім және ғылым вице-министрі Эльмир Суханбердиеваға қатысты сот отырысы алдағы сейсенбі, 9 шілде күні өтеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сотта отырысытың сағат 15:00- ге белгіленгенін хабарлады.
Айта кетейік, шенеуіктің ісі 2 шілде күні сотқа жетіп, судья Бақытжан Есеновқа жіберілген.
Сот маусым айының басында білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваны екі айға қамауға алған еді.
Ол өз лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысты, сондай-ақ, пара алды деп күдіктелуде.
Кейіннен Суханбердиеваның процессуалдық келісімге келгені анықталды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1803290-elmira-suhanberdieva-9-silde-kni-sot-aldyna-keledi/