Алматылық зейнеткерлер зират орындарын алып қойып жатқан шенеуніктерді айыптады
Жарияланған күні:
Алматылық еңбек ардагерлері зираттағы орын үшін күресуде. Зейнеткерлер өздеріне тиесілі жерді жергілікті шенеуніктер тартып алды деп сендіріп отыр деп хабарлайды КТК.
Қазір жердің оларға берілуі керек екенін дәлелдей алмай жүрген зейнеткерлер кезінде "Алатау"совхозында жұмыс істеген. Жерлеу орындары мен учаскелер оларға еңбек сіңірген жылдары үшін берілуі тиіс болатын. Мұндай уәде КСРО ыдырағаннан кейін айтылды.
Алайда кейін совхоздың аумағын қалаға қосып, учаскелерді сатуға шешім қабылданды.
Жақында зейнеткерлер аудандық зиратта 6 шаршы метр үшін 2 мың доллар, яғни 766 мың теңге төлеу керек екенін білген. Олай болмаған жағдайда, қарт адамдарды қаладан 50 шақырым жерде жерлеуі керек.
Алайда олардың барлығының туыстары бар болмағандықтан денені алып жүру оңай болмайды.
Еңбек ардагерлерінің пікірінше, оларға тиесілі шаршы метрді аудан әкімдігі сатып жүр.
"Жерлеу орнын беру үшін өтініш білдірдік. Олар бас тартты: "Бас сұқпаңыз! Бұл енді сізге тиесілі емес!" деді. Олар қандай негізде басынып отыр? Біздің зиратымызда, біздің жерімізде арнайы кәсіп жасалуда. Үлкен сомада ақша алады, ал біздікілерді жерлегілері келмейді", - деп шамданды "Алатау" кеңшарының ардагерлер кеңесінің төрағасы Атта Гүлиев.
Әкімдік зираттың толып кеткенін, демек, жаңа қабірге орын жоқ екенін хабарлады. Әділдікті ардагерлер Жоғарғы соттан іздеуді шешті. Олардың басқа амалы жоқ.
Дереккөз: КТК.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1806177-almatylyk-zejnetkerler-zirat-oryndaryn-alyp-kojyp-zatkan-seneunikterdi-ajyptady/