Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полиция Шымкентте денесі гараждан табылған қыз бала өлімінің алдын ала себебін атады

Опубликовано:

Шымкенттің полиция департаменті гараждан өлі күйінде табылған үш жасар қызға қатысты пікір білдіріп, өлімінің алдын ала себебін атады деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: UDF.BY
Көрнекі фото: UDF.BY: Instagram

Полцияның мәліметінше, сараптаманың алдын ала қорытындысы бойынша жасөспірім қыздың өлімі құлау нәтижесінде "құсу массасының механикалық асфиксиясынан", яғни өз құсығына тұншығып қалу салдарынан болуы мүмкін.

Себебі оның ішкі құрылысында шайқалу белгілері бар дейді құзырлы орган.

Тәртіп сақшылары, сондай-ақ, қыз баланың денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмағанын атап өтті.

" Сараптама оның денесінен зорлық-зомбылық белгілерін таппаған. Қазіргі таңда істің мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Іс бойынша тергеп-тексеру амалдары Шымкент қаласы прокуратурасы мен Полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, 22 шілдеде Шымкенттегі гараждардың бірінен кішкентай қыз баланың денесі табылғаны хабарланған.

Кейін оның анасы мән-жайды баяндап, оқиғаға қатысты пікір білдірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1806454-policia-symkentte-denesi-garazdan-tabylgan-kyz-balany-neden-kz-zmganyn-ajtty/

pixel