jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Маусымда Қазақстанның кей өңірлерінде құрғақшылық күтіледі

құрғақшылық
Құрғақшылық. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Биыл маусымда еліміздің бірнеше өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Синоптиктер 2026 жылғы маусымға арналған алдын ала болжамды ұсынды, оған сәйкес атмосфералық құрғақшылық мына өңірлерде күтіледі:

  • Қостанай облысында – Амангелді, Қарасу, Әулиекөл және Жангелдин аудандарында;
  • Батыс Қазақстан облысында – Жаңақала ауданында;
  • Қарағанды облысында – Шет ауданында;
  • Ақмола облысында – Ерейментау және Аршалы аудандарында;
  • Ақтөбе облысында – Шалқар және Ырғыз аудандарында;
  • Атырау облысында – Құрманғазы және Махамбет аудандарында;
  • Қарағанды облысында – Ақтоғай, Нұра және Шет аудандарында;
  • Ұлытау облысында – Ұлытау және Жаңаарқа аудандарының жекелеген елді мекендерінде;
  • Алматы облысында – Жамбыл ауданында;
  • Жетісу облысында – Алакөл ауданында;
  • Жамбыл облысында – Талас ауданында;
  • Қызылорда облысында – Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында.

Мамандардың айтуынша, аталған аудандарда жергілікті құрғақшылықтың туындау ықтималдығы жоғары.

Еліміздің қалған аумақтарында ылғалдану жағдайы осы ай үшін қалыпты деңгейге жақын болады деп күтілуде.

Маусымда Қазақстанның кей өңірлерінде құрғақшылық күтіледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.