"Өкінемін": Алматыда баспасөз мәслихатында әйелдерді ұрған азамат өз әрекетін түсіндірді
Жарияланған күні:
Күні кеше Алматыда адам құқықтары жөніндегі бюроның баспасөз орталығында көпбалалы аналардың қатысуымен төбелес орын алды. Жанжал кезінде Мұрат Пірмағамбет есімді ер адам келіншектерге соққы жаудырып, оларды жарақаттаған. Оқиғаға қатысты полицияға сегіз адам жүгінген. Бүгін алматылық азамат жанжалға қатысқан кейбір әйелдерден кешірім сұрап, өз әрекетін түсіндіруге тырысқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Баспасөз мәслихаты уақытында орын алған төбелес кезінде бірнеше әйел зардап шеккен. Олардың кейбірін Мұрат Пірмағамбет жарақаттаған. Оқиғаға қатысы бар ер адам бүгін орталық қалалық аурухананың алдында қақтығысқа қатысқан келіншектермен кездесіп, кешірім сұрады.
"Кеше орын алған нәрсе болмауы тиіс еді. Бұл жағдайдың қалай болғанын түсіне алар емеспін. Ұялып тұрмын. Сіздерден кешірім сұраймын. Мені кешіріңіздерші, өтінемін. Мен бұлай болғанына шын жүректен өкінемін.
Менің анам, әйелім, қарындастарым мен балаларым бар. Мен келіспеушіліктерді зорлық әрекеттерсіз шешудің жақтасымын. Бұл оқиға қалай болып кеткенін түсінбеймін" , - деді Мұрат әйелдерге.
Келіншектер өз кезегінде оны кешірген.
"Азамат өз кінәсін мойындап, кешірім сұрағаны керемет" , - деді олар.
Мұраттың сөзінше, ол арнайы баспасөз мәслихаты мен оның тақырыбы жөнінде әлеуметтік желіден білген.
"Мен телефонымды артқы қалтама салуға тырысып, соққылардан тығылдым. Әйелдер менің басыма соққы жаудырды. Мен сасып қалдым. Құладым.
Жерде жата беріп те соққылар алдым. Мен өміріме қауіп төніп жатқанын түсіндім. Өз-өзіңді қорғау сезімі іске қосылды. Қалғанын видеодан көрген боларсыздар" , - деді алматылық азамат.
Оқиғадан соң тәртіп сақшылары Мұратты Әуезов АІІБ-на алып кетті. Ол жерде ер адаммен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, ол түсініктеме жазған.
Әйелдер де БАҚ өкілдерінен кешірім сұрады.
"Біз сол жерде болған ақпарат қызметкерлерінің басшылығымен хабарласуға тырыстық. Бірақ, бізбен байланысқа шықпай жатыр. Біз журналистердің жұмысына кедергі болмауымыз керек еді" , - деді олар.
Айта кетейік, бұған дейін ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың Алматыдағы баспасөз мәслихаты кезіндегі жанжалға қатысты пікір білдіргенін жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1806642-kinemin-almatyda-baspasz-mslihatynda-jelderdi-rgan-azamat-z-reketin-tsindirdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.