Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда көпшілік спортты дамыту мен қолдау қоры ашылды

Опубликовано:

Қай заманда болмасын ұлттың денсаулығы мемлекеттің өміршеңдік деңгейінің көрсеткіші болып табылады. Қазақстанда дамудың басты бағыттарының бірі ретінде халықтың денсаулығын сақтау мен жақсартуға жыл сайын елеулі көңіл бөлініп келеді. Мемлекеттің стратегиялық мəселелерді шешу жолында бүгінде еліміздің бизнес-қауымдастықтары өкілдерінің белсенді ат салысуы ерекше қуантады.

Қазақстанда көпшілік спортты дамыту мен қолдау қоры ашылды
Сурет: FinBet: Facebook

«Қамқор» қорының «FINBET» букмекерлік кеңселері желісінің ашылуы – жас ұрпаққа дене тəрбиесі мен салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау бағытында бизнестің белсене қатысуының айқын көрінісі. Қордың мақсаты – балалар мен жасөспірімдер спортын қолдау мен дамыту. Жаңа əлеуметтік жобаның арқасында спорт секциялары əрбір балаға қолжетімді болады. Қаражатты жинау әрбір ұтылған ставкадан түскен пайданың бір бөлігін қорға беру жолымен жүргізілетін болады.

Қазақстанда көпшілік спортты дамыту мен қолдау қоры ашылды
Сурет: FinBet: Facebook

Қандай да бір спорт секциясына ақы төлеу үшін материалдық көмек алуға өтінішіңізді баланың жеке деректері, спорт түрі, мекемесі және қажетті сома көрсетілетін арнайы құрылған zabota.kz электрондық ресурста қалдыруға болады.

Қамқорлық қоры балалардың спортпен шұғылдануын ғана емес, спорттық жабдықтармен және мүкәммалмен жабдықталуын жақсартуды қажет ететін спорт мекемелерін де қолдайды. Ол үшін жоғарыда көрсетілген порталда мекеменің деректері мен қажеттіліктерін көрсете отырып, электрондық нысанды толтыру жеткілікті. Талқылау нәтижелері мен қаржылық қолдау көрсету жөніндегі есептер «FINBET» компаниясының сайтында үнемі жарияланатын болады.

Қордың ұраны – «Біз спортты әркімге қолжетімді етеміз!». Ұйымдастырушылар жоба елдегі бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға оң әсер ететініне және ең бастысы, спорттың сүйікті түрімен айналысуға әркім қол жеткізе алатынына сенімдіміз.

Қазақстанда көпшілік спортты дамыту мен қолдау қоры ашылды
Сурет: FinBet: Facebook

Қазақстанда «Жастар жылы» деп жарияланған 2019 жылы Халықаралық балаларды қорғау күні деп «Қамқор» әлеуметтік жобасы бастау алды.

18-ші шілдеде «FINBET» компаниясы Еуропа лигасының іріктеу матчында босниялық «Широки Бриег» клубына қарсы «Қайрат» халықтық футбол клубының титулды серіктесі атанды. Бұл матчты алматылық клуб өз алаңыңда 2:1 есебімен жеңді. 92-ші минутта жартылай қорғаушы Рамазан Оразов гол соқса, 93-ші минутта хавбек Исламбек Қуат ерекше көзге түсті. Еуропа лигасының екінші турында «Қайрат» Израиль командасы Беэр-Шеваның «Хапоэль» командасымен күш сынасады.

Қазақстанда көпшілік спортты дамыту мен қолдау қоры ашылды
Сурет: «Қамқор» қоры: Facebook

Ойын барысында «Қамқор» қайырымдылық қоры өзінің алғашқы қамқорланушыларына сыйлықтар тарту етті. Әдемі футбол жабдықтарының иелері Талғар қаласындағы «Ковчег» балалар үйінің футбол командасы болды. Команда жаттықтырушысы zabota.kz сайтында қаржылай көмек алуға жүгінді. Енді жас спортшылар жаттығып, түрлі турнирлерге қатыса алады.

Қазақстанда көпшілік спортты дамыту мен қолдау қоры ашылды
Сурет: «Қамқор» қоры: Facebook

Еске салайық, кез-келген адам «Қамқор» қайырымдылық қорының сайтында өтініш бере алады. Біз спорт саласындағы материалдық қолдауға үміткерлер туралы ұсыныстар алуға қуаныштымыз. Қордың қызметі туралы фото- және видео-есептерді zabota.kz немесе finbet.kz сайтынан көруге болады.

*PR құқығында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1807496-kazakstanda-kpsilik-sportty-damytu-men-koldau-kory-asyldy/

pixel