jitsu gif

"Бұйырғаны": Жігіті тастап кеткен 25 жастағы ару өзіне жар іздеп жүр

: Instagram

25 жасқа келсе де, әлі күнге өз бақытын жолықтырмаған бойжеткен жан сырымен бөлісті. Бірнеше баласы бар құрбыларының өміріне қызыққан қыз өзіне адал жар іздеп жүр деп жазады "Алаш айнасы" басылымы.

Фото:wallpaperscave.ru
Фото:wallpaperscave.ru: Instagram

Жас қыз туған-туыстарының тұрмысқа шығу жайлы сұрағынан шаршап кеткенін жасырмады.

"Жасым 25-те. Жігітім тастап кеткен, оған өзім кінәлімін. Мәселе ол жігіт жайында емес. Соңғы кездері туған-туыс, анам, таныстарымның бір ғана "қашан тұрмысқа шығасың?" деген сұрағы мазалайды. Өзімнің де тұрмысқа шыққым келеді. Неге? Өйткені оқыдым, қыдырдым, жұмыс істеп жүрмін. Құрдастарым екі-үш балалы. Солардың қызықтарын естігенде қатты қызығамын. Ана болғым келеді", - деді жан сырымен бөліскен бойжеткен.

Сондай-ақ, ару осыған дейін өзіне құда түсушілердің болғанын, алайда кездесіп жүрген жігіті болғандықтан олардан бас тартқанын жеткізді.

"Осы уақытқа дейін құда түсушілер, сырттай ұнататындар көп болды. Алайда сол кезде жігітім болған соң барлығына "жоқ" дедім. Ал қазір "әттеген-ай" деп сан соғып отырған жайым бар.

Жас келген соң қыдыру, көңіл көтеруге де зауқың болмайды екен. Интернетпен танысып жүргенім жоқ.

Бір рет танысқан жігіт отбасылы болып шыққаннан кейін интернетті қойдым. Аллаxтың бір құлы бұйырар дегенмен келе жатырмын.

Құр алақан отыра берсем де дұрыс емес, Құдай береді деп босқа отырғаннан түк шықпас. Алайда не істей аламын? Маңдайыма "күйеу керек" деп жазып көшеге шықпаймын ғой. Сіздерден көмек сұраймын. Мен үшін дұғада болыңыздаршы", - деді 25 жастағы бойжеткен.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.