jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Бүгін білім беру грантына ие болған талапкерлердің аты-жөні белгілі болады

старшеклассники пишут
Фото: UGC

Бүгін, 1 тамызда білім беру гранттарына ие болған талапкерлердің есімдері белгілі болады деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, байқаудың қорытындысын Ұлттық тестілеу орталығы, "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда" сайттарынан және "Байқаудың нәтижесін біл (Узнай результаты конкурса)" телеграм-боттан көруге болады.

"Гранттарды үлестіру үрдісі толығымен автоматтандырылған және ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады. Нәтижесінде адами фактор толықтай жойылған. Сонымен бірге, мемлекеттік органдар, "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жоғары оқу орындары қауымдастығы, ректорлар кеңесі, бұқаралық ақпарат құралдары, "Жас Отан" жастар қанаты, Студенттер альянсы, үкіметтік емес ұйымдар, "ADAL BILIM" жобалық кеңсесінің өкілдерінен құралған республикалық комиссия барлық процестерді бақылады", - делінген министрлік таратқан хабарламада

Баспасөз қызметінің мәліметінше, гранттар 2019 жылдан бастап білім беру топтары бойынша тағайындалады. Демек, әр талапкер оқуға түсердің алдында нақты білім беру бағдарламасын таңдайды.

Айта кетейік, "Алтын белгі" төсбелгісінің иегерлері атанған, жалпы білім беру пәндерінен халықаралық және республикалық олимпиадалар жеңімпаздары, жалпы білім беру пәндерінен халықаралық және республикалық ғылыми жарыстардың жеңімпаздары, республикалық және халықаралық спорттық жарыстардың жеңімпаздары тек ҰБТ балдары тең болған жағдайда ғана артықшылық құқыққа ие бола алады.

Ал басқа кезде барлық талапкерлермен бірге теңдей дәрежеде байқауға түседі.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдан бастап гранттар маусым айында өтетін ҰБТ сертификатының балдарына сәйкес конкурстық негізде беріледі.

Бүгін білім беру грантына ие болған талапкерлердің аты-жөні белгілі болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.